Қанат –таңдай шұңқыры, fossa pterygopalatina, оның шекаралары:
Алдыңғы қабырғасы-жоғарғы жақтың төмпесі.
Артқы қабырғасы-сына тәрізді сүйектің қанаттық өсінділерінің негізі.
Медиальді қабырғасы-таңдай сүйегінің перпендикулярлық табағы.
Латеральды қабырғасы-жоқ, сондықтан қанат-таңдай шұңқыры самай асты шұңқырымен байланысады.
Қанат –таңдай шұңқырының байланыстары:
Төменгі көз саңылауы арқылы-көз ұясымен.
Үлкен және кіші таңдай өзектері арқылы-ауыз қуысымен.
Дөңгелек тесік арқылы-ортаңғы бас шұңқырымен.
Қанаттық өзек арқылы- бас сүйегінің сыртқы негізімен, ол арқылы үлкен әне терең тастық нервтерідің қосылуынан түзілген қанаттық нерв өтеді..
Самай шұңқыры. Самай шұңқыры (fossa temporalis) бассүйектің бүйір бетінде орналасады. Самай шұңқырдың медиалді, алдыңғы және латералды қабырғалары бар.
Медиалді қабырғасын төбе және маңдай сүйектері, самай сүйектің қабыршақтық бөлігі және сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты құрайды.
Латералді қабырғасы бетсүйектік доғамен түзілген.
Алдыңғы қабырғасын бетсүйектің самайлық беті және маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісі құрайды. Самай шұңқыры төменнен самайасты шұңқырға өтеді. Олардың арасындағы шекара болып самайасты қырқа (crista infratemporalis) саналады.
Самайасты шұңқыр. Бассүйектің милық және бет бөліктерінің шекарасында, жоғарғы жақсүйектің артында самайасты шұңқыры (fossa infratemporalis) орналасады. Самай шұңқырынан сынатәрізді сүйектің үлкен қанатындағы самайасты қырқамен бөлінген.
Самайасты шұңқырдың жоғарғы қабырғасы самай сүйек және сынатәрізді сүйектің үлкен қанаты.
Медиалді қабырғасын сынатәрізді сүйектің қанаттық өсіндісінің латералді табақшасы.
Алдыңғы қабырғасын бетсүйек жоғарғы жақсүйек төмпегі және бетсүйектің самайлық беті.
Латералді қабырғасын бетсүйек доғасы және төменгі жақсүйек тармағы құрайды.
Самайасты шұңқыр бетсүйек доғасы мен бассүйектің латералді бетінің сүйектері арасында самай шұңқырға, ал артынан бассүйектің сыртқы негізіне өтеді.
Самайасты шұңқыр сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының самайасты бетіндегі сопақ және қылқанды тесіктері арқылы бассүйектің ішкі негізіндегі бассүйектің ортаңғы шұңқырымен байланысады.
Самайасты шұңқыр алдынан және жоғарғы жағынан көзұяның төменгі саңылауы (fissura orbitalis inferior) арқылы көзұямен байланысып, медиалді жағынан қанат-жоғарғы жақсүйектік саңылау (fissura pterygomaxillaris) арқылы қанат-таңдай шұңқырына жалғасады.
Самайасты шұңқырды медиалді және латералді қанаттық бұлшықеттер, шелмай, қантамырлар мен нервтер орналасады.