Артқы, еміздікше қабырғасы, paries mastoidea-дабыл қуысын еміздікше өсіндінің қойнауларынан бөледі.
Төменгі, мойындырықтық қабырғасы, paries jugularis. Мойындырықтық шұңқырды ішкі мойындырықтық венадан бөледі.
Медиальді, лабиринттік қабырға, paries labyrintis- дабыл қуысын ішкі құлақтың лабиринті мен вестибулярлық аппараттан бөледі.
Латеральді, жарғақтық қабырға, paries membranacea- дабыл қуысын сыртқы есту жолынан бөледі.
Дабыл қуысына инфекция енген жағдайда іріңді қабыну болуы мүмкін, ірің қуыстың алты қабырғасының біреуін зақымдауы мүмкін. (Дабыл қуысының қабынуы-отит).
Отиттің асқынулары: Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы зақымданса ірің ортаңғы ми шұңқырына, ал жоғарғы қабырғасы зақымданса ішкі ұйқы артериясының жолымен жоғары бас сүйегі қуысына немесе төмен мойынға ағуы мүмкін. Артқы қабырғасы зақымданған жағдайда еміздікше өсіндінің қойнауларының аралығы бұзылады. Бұл жағдайда Шипо үшбұрышы тұсында бас сүйегіне трепанация жасайды. Төменгі қабырғасы зақымданса ірің ішкі мойындырықтық вена жолымен төмен мойынға өтуі мүмкін. Егер медиальді қабырғасы бұзылса, онда вестибулярлық аппараттың тітіркену симптомы пайда болады (бас ауруы, бастың айналуы, құсу, жүрек айну). Дабыл қуысының латеральды қабырғасы зақымданса, дабыл жарғағында тесік немесе перфорация болады. Ірің сыртқы есту түтігіне өтіп, құлақ құлығымен араласып, алтын түстес болады. Сондықтан халықтар арасында «золотуха» ауруы деп тараған.
Самай сүйегінің өзектері.
Бет өзегінің (canalis facialis) құрамы ымдау бұлшықеттерін нервтендіретін бет нерві. Өзектің жолы: Ішкі есту жолының түбінен басталып, горизонтальді, латеральді және алға жүріп, үлкен тастық нерв өзегінің саңылауына жетіп, бұрылып тізе түзеді. Кейін горизонтальді, латеральді және артқа бағытталады. Пирамидальді көтеріңкіге жетіп, төмен түседі, біз-еміздікше тесігімен аяқталады.
Ұйқы өзегі, сanalis caroticus. Самай сүйегінің төменгі беткейіндегі сыртқы тесігімен басталады. Жоғары жүріп, 90 градусқа бұрылады. Кейін горизонтальді, медиальді және алға қарай жүреді де ішкі тесікпен аяқталады. Құрамы ішкі ұйқы артериясы.
semicanalis tubae auditivae, өзектің 2/3 бөлігін алады, дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланыстырады, дабыл жарғағының екі жағындағы қысымды теңестіреді.
semicanalis m. tensoris tympani, өзектің 1/3 бөлігін алады. Құрамы: дабыл жарғағын қатайтушы бұлшықет.
Дабыл шектерінің өзекшесі, canaliculi chordae tympani. Бет өзегінде, біз-еміздікше тесіктен бірнеше мм жоғары басталып, алға жүріп, дабыл қуысының артқы қабырғасынан өтіп, тастық-дабыл саңылауынан аяқталады. Құрамы: тілдің дәм сезуін анықтайтын дабыл шегі.
Дабыл өзекшесі, canaliculi tympanici. Құрамы: дабыл нерві кейін кіші тастық нервісене жалғасады. Самай сүйегінің тастық бөлігінің төменгі беткейінен тастық шұңқырынан басталып, жоғары көтеріледі. Кейін дабыл қуысының төменгі беткейіне өтіп, дабыл қуысының медиальды қабырғасы бойы жүріп, мүйіс саласында жатады. Содан соң дабыл қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, кіші тастық нервтің саңылауында аяқталады.
Еміздікше өзекшесі, canaliculus mastoideus. Мойындырықтық шұңқырдың артқы қабырғасынан өтіп, бет өзегін қиып өтеді де, дабыл-еміздікше саңылаудан өтеді.
Ұйқы-дабыл өзекшесі, canaliculi caroticotympanici. Ұйқы өзегінің төменгі бөлігінен басталып, дабыл қуысында аяқталады. Бұл өзекшелер арқылы ұйқы –дабыл артериялары өтеді.