Басқарылытын тізбекті реакция. Ядролық реактор. Термоядролық синтез жəне оның жүруінің шарттары


Тізбекті  бөліну  реакциясына  қажетті  ядролық  материалдың  ең  аз



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.04.2022
өлшемі189,79 Kb.
#31527
1   2   3   4
Тізбекті  бөліну  реакциясына  қажетті  ядролық  материалдың  ең  аз

массасын сындық масса дейді.

Уран-235  изотопы  үшін  сындық  масса  23  килограмдай  болады.  Бұл  —  диаметрі  13

см болатын біртұтас уран кесегі. Атом бомбасында ядролық жарылыс затын біртұтас етіп

жасамайды.  Оны  жеке-жеке  бөлік  түрінде  орналастырады.  Əр  бөліктің  массасы  сындық

массадан  кіші  болады.  Абом  бомбасын  жару  үшін  арнайы  тетік  ядролық  зарядтың  жеке

бөліктерін  біріктіреді.  Сөйтіп,  олардың  біртұтас  массасы  сындық  массаға  жетеді  де,

ядролық  жарылыс  іске  асырылады.Қазір  көптеген  елдерде  əртүрлі  ядролық  реакторлар

бар. Олар практикалық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылумен қатар,

атом электростанцияларының (АЭС) да негізі болып табылады.

Ядролық реактордың негізгі бөлігін белсенді аумақ (активті зона) құрайды. Белсенді

аумақ жылу шығарғыш элементтер (ЖШЭ) деп аталатын ядролық отынмен толтырылған

таяқшалардан , оларды айнала қоршап тұрған графит тежегіштерден  тұрады. ЖШЭ-лерді

айнала  жылу  тасығыш  сұйықтар  ағып  өтетін  түтіктер  орналасқан.  Жылу  тасығыш

қызметін су немесе сұйық металл, мысалы, натрий атқарады.

Нейтрондардың  сыртқы  ортаға  ұшып  шығуын  азайту  үшін  белсенді  аумақты

нейтрон  қайтарғышпен  қаптайды.  Сыртқы  ортаны  аса  қауіпті  сəулелерден  қорғау  үшін

нейтрон қайтарғыштың сыртын калың болат сауытпен жəне биологиялық бетон қорғанмен

 қоршайды.

Тізбекті  реакцияны  қопарылысқа  жеткізбей  басқарып  отыру  үшін  белсенді  аумаққа

дер  кезінде  енгізуге  болатын  басқарушы  жəне  апаттық  (авариялық)  таяқшалар    да

реактордың  негізгі  құрамдас  бөлігі  болады.  Бұл  таяқшалар  нейтрондарды  жұтып  алатын

заттардан жасалады.

ЖШЭ  таяқшаларындағы  ауыр  элементтердің  (уранның,  плутонийдің,  т.  с.  с.)

ядролары  бөлінгенде  пайда  болатын  бөлшектер  зор  кинетикалық  энергияға  ие  болады.

Сондай-ақ,  ядродан  босаған  энергияның  біраз  бөлігі  ү-кванттардың  электромагниттік

энергиясына  айналады.  Бұл  бөлшектер  белсенді  аумақта  өзара  жəне  басқа  да

материалдармен  бейберекет  соқтығысуы  салдарынан  бірте-бірте  тежеледі.  Сөйтіп,

олардың кинетикалық энергиясы мен сəулелік энергиясы жылу энергиясына айналады.

Белсенді  аумақтағы  артық  жылу  мөлшері  жылу  тасығыштарға  беріліп,  оларды

буландырады.  Жоғары  қысымдағы  бу  электр  энергиясын  өндіретін  бу  турбиналары  мен

генераторларға беріледі.

Осылайша  реакторларда  бөлінген  атом  ядросының  ішкі  энергиясы  туынды

бөлшектердің  кинетикалық  жəне  электромагниттік  энергиясына,  ал  ол  энергия  жылу



энергиясына, жылу энергиясы электр энергиясына айналады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет