Басқару экономикасы


Y, немесе сұраныс көлемі, тәуелді айнымалы болып аталады. X



бет35/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112
Y, немесе сұраныс көлемі, тәуелді айнымалы болып аталады. X айнымалысы тәуелсіз, немесе түсіндіруші, айнымалы болып аталынады. Ә р айнымалының өлшеу бірлігін көрсеткен маңызды. Самса мен салқындататын сусындар теңгемен өлшенген, оқу төлемі – мың теңгемен. Орналасқан жерлері 1 деген мағына беріледі, егер ол қала ішінде болса және 0 тең болады, егер басқа жерде орналасса. Мұндай айнымалы қос айнымалы, немесе жалған айнымалы деп аталынады.

Регрессия теңдігініңнақты формуласын және айнымалылардың өлшеу жүйесін ескеріп, тәуелсіз b айнамалысы коэффициентінің және a айқасу шамаларын есептеумізге болады. Бұл жерде регрестік талдауға арналған көптеген бағдарламалар пакеттерінің бірін пайдалануға болады.



Регрессия коэффициенттерін есептеу және оларға түсінік беру. Excel бағдарламасында бар регрессиялық функцияны пайдаланып, самсаға сұранысты бағалауға болады. Нәтижесінде, самсаға сұраныстың келесі регрестік теңдігін аламыз:

Y = 26,67 – 0,088, + 0,138 - 0,076 - 0,544

(0,018) (0,087) (0,020) (0,884)

= 0,717 Y-тің стандарттық қателері 1,64 жуық.

= 0,67 F=15,8

(Коэффициенттердің стандарттық қателері жақша ішінде келтірілген).

Осы нәтижелерге түсініктеме беру алдында, регрессия коэффициенттерінің белгісіне қарап, тәуелсіз айнымалардың өзгеруі қай бағытта самсаға деген сұранысқа ықпал жасайтыны туралы ойлану керек.

Формалды түрде әр тәуелсіз айнымалы мен самсаға сұраныстың арасындағы күтілінетін байланыс туралы келесі ойды (гипотезаны) келтіруге болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет