Басқару экономикасы



бет52/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112
Байланысты:
treatise75256

5.5 сурет. Ауқым эффекті графикалық түрде бейнелеу
Әр жағдайда X пен Y шығындары сәйкестей отырып өсіріледі; шығындардың екі типі де көлденең осінде көрсетіледі. Бұл графиктер ауқым эффектінің мінсіз жағдайда көрінуін бейнелейді. Шынайы жағдайда шығындар өзгеруіне қарай шығару өзгерісі осылай бір қалыппен және дұрыс болып келе бермейді.
5.3. Өндірістік функцияларының әр түрлі формалары

Енді басқару экономикасының маңызды міндетіне — өндірістік функцияны бағалауға тоқталайық. Үш маңызды тақырыпты қысқаша қарастырайық:

Біріншіден, өндірістік функцияның мүмкін формалаын талқылайық.

Екіншіден, Кобб – Дугластың өндірістік функциясын талқылайық.

Үшіншіден, өндірістік функцияны талқылауға қажет мәліметтерді қарастырайық.

Бір ғана айнымалы факторды және бір ғана тиянақты факторды зерттейтін қарапайым функциясын келесідей жазуға болады:

Q =
Өндірістік функциясында біреуден көп тәуелсіз айнымалыларды қарастырған практика тәжірибесіне жақын келеді. Ал барлық шығындар айнымалы болған жағдайда, қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімді талдауға көшкенімізді көрсетеді.

Кобб-Дугластың өндірістік функциясы (1928 ж.) келесідей беріледі:


Q = a.
Функция қасиеттері:

  1. Шығындардың екі типі де қатысуы қажет.

  2. Функция ұлғаймалы, азамайлы және тұрақты қайтарымды көрсетуі мүмкін. Кейін теңдік басқа түрде берілді:

Q = a

Мұндай құрылымда, егер b + c > 1, қайтарым өседі, егер b + c < 1, қайтарым азаяды, b + c = 1, қайтарым тұрақты болып келеді.



  1. Функция қай фактор болсын, оның маржиналдық факторға ықпалын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл жерде қалған факторлар өзгермеуі керек.

  2. Кобб—Дутлас функциясында факторлар икемділігі олардың дәрежесіне тең, берілген мысалда— b мен с. Сөйтіп, еңбек және капитал икемділіктері константалар болып келеді.

  3. Логарифмді пайдаланып, берілген функцияны линиялық функцияға аударуға болады, демек оны линиялық регрестік талдау көмегімен бағалауға болады.

  4. Біздің талқылауымызда екі айнымалы шығындар (L и К) туралы әңгіме болғанымен, Кобб – Дуглас функциясы өзіне қанша да болса тәуелсіз айнымалыларды сыйдыра алады:

Q = a.




  1. Теоретикалық тұрғыдан өндірістік функция технология өзгеріссіз қалады деп ұйғарады. Алайда, зерттеуші технология жетілдіріліп өзгеруі мүмкін уақытты қамтуы мүмкін. Онда тәуелсіз айнымалының бірі берілген теңдікте осы өзгерісті көрсетуге арналады.

Кобб – Дуглас функциясының кемшіліктері:

- бір спецификацияда өндірістің барлық стадиясындағы маржиналды өнімді көрсете алмайды;

- фирма немесе сала ауқымның өскелең, тұрақты және азаймалы эффектінен қалай өтетінін көрсете алмайды;

- эмпирикалық баға берерде қолданатын мәліметтер спецификациясымен байланысты маңызды мәселелер бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет