Басқару экономикасы


Баға саясаты және өндіру көлемі туралы шешімдер: монополиялық бәсеке және олигополия



бет77/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112
Байланысты:
treatise75256

8. Баға саясаты және өндіру көлемі туралы шешімдер: монополиялық бәсеке және олигополия

8.1. Олигополиялық нарықта бағаның құрылуы

Монополиялық бәсеке мен олигополияны экономистер жетілмеген бәсекедегі нарық (imperfect competition) деп те атайды. Бұл нарықтық күшке байланысты қойылған аты. Монополиялық бәсеке мен олигополия жетілмеген бәсекенің мысалы болуы фирмалар мұндай нарықта өздерінің бағаларын белгілі шектеулер шеңберінде орнату билігіне ие.

Жетілген бәсеке қалған үш бәсеке типінен ажыратуда басты сипат нарықтық билік болып келеді. Жетілген бәсеке жағдайында фирма баға алушы болып келсе, қалған үш нарығында фирма бағаны белгілеуші ретінде көрінеді. Жетілген бәсеке мен монополияның монополистік пен олигополиядан айырмашылығы – ол баға емес бәсеке. Соңғы аталған екі нарықта тауарларды саралау болғандықтан фирманың бағадан басқа факторлар негізінде бәсекеге түсе алады.

Нарыққа келу және одан шығу жетілген бәсеке жағдайында ең оңай, монополистік бәсеке жағдайында олай жасау біркелкі оңай болып келеді.

Монополия жағдайында нарыққа кіру және одан шығу мүмкін емес, ал олигополия жағдайында нарықта жетекші фирмалардың қаншалықты басымды болуына қарай қиынға түсуі мүмкін.

Бәсеке жағдайының ең күрделі аспекті – ол өзара тәуекелділіктің болуы. Соның болуы негізінде олигополияны нарықтың басқа типтерінен ажыратуға болады.



Монополиялық бәсеке. Монополиялық бәсеке көптеген фирмалар жұмыс істейтін және оған кіру айтарлықтай оңай болатын нарық. Осы екі сипат бойынша ол жетілген бәсекені еске салады. Тауарларды саралау фирмаға өз бағасын тағайындауға (яғни монополист болуға) мүмкіндік. Сатылып отырған тауар осы нарықтағы басқа фирмалардың ұсынысынан артық деп, тұтынушыларды әр түрлі жолмен сендіреді, осының арқасында монополистік бәсекешілер бағаны жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан бағадан жоғарырақ деңгейде орнатуға барады..

Бұл туралы көп мысалдардар әр саладан келтіруге болады: бөлшек сату және қызмет көрсету саласында – мейрамхана, бакалея дүкені, химтазарту, кеңсе тауарлары, гүл сататын дүкендер, аптека жіне басқалар. Бұл нарықтарға оңай кіруге болады, онда сатушылар саны көп болады. Бизнес жүргізгенде иелері сәтті жерде орналасқанын, сыпайы қызмет көрсетумен, тауарлар ассортиментімен өз кәсіпорнын тұтынушылардың көзін тартатындай жасауға тырысады. Жаңа бәсекешілердің жолына тосқауыл қою мақсатында тауарлары өзгешелегімен көзге түсуі үшін барлық күшін жұмсайды.



Олигополия. Олигополия – мұндай нарықтар айтарлықтай көп емес ірі фирмалар басым болып келеді. Олар сататын тауарлар стандартталған да, мамандырылған да болып келеді. Кейбір жағынан баға мен өндіру көлеміне әсер жасай алуы фирманың өз өнімін мамандыра алу қабілетінен туады. Бірақ нарықтық билік олардың нарықтағы үлесінің шамасының және онда басым болуының салдары болып келеді.

Олигополиялық нарықта бағаның белгіленуі: жарыстастық және өзара тәуелділік. Олигополиялық нарықта аз сан сатушылар әрқайсысы қалғандары қалай баға орнататын көз жазбай бақылап отырады. Бұл құбылысты экономистер өзара тәуелділік (mutual interdependence) деп атайды. Әр сатушы баға тағайыдаған кезде өз бәсекешілерінің осыған жауап беруін ескереді.

Егер фирма өз бағасын төмендеьсе, бәсекешілеріне бірден ықпал жасауы мүмкін; фирма бұл әрекетімен өз бәсекешілерінен сатып алушыларды өзіне тартады, өйткені олардың бағасы жоғары. Бәсекешілер болып жатқан жағдайды түсініп, нарықтағы өз үлесін сақтау үшін бірден өз бағаларын төмендетеді.



Егер фирма, бәсекешілері оған ілеседі деп қате ойлап, бағасын көтерсе, ал олар оған бармаса, фирманың сату көлемі елеулі төмендейді. 8.1 суретте график жүзінде сұраныстың сынық қисық сызығы бейнеленген.


P

P







A













Q




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет