1.3 сурет. Трансакциялық шығындары мен ішкі операциялар шығындары арасындағы таңдау
Осы сұрақтарға жауап 1937 жылы Рональд Коуз (А қосымша материалын қараңыз) жауап берді: компания ішкі қызметін ұйымдастыруға кететін шығынды өзінің транзакциясына нарық жүйесін пайдалануға кеткен шығындармен салыстырады. Сыртқы нарықта жұмыспен байланысты шығын болмағанда, фирманың барлық транзакциялары тек сыртқы нарықпен байланысты ұйымдастырылған болар еді.
Бірақ осы сипаттамалар ішіндегі ең маңыздысы активтердің ерекшелігі. Егер сатып алушы бір ғана сатушымен ерекше тауарға контрактқа отырса, оның үстіне осы тауар арнайы жабдықты пайдаланумен шығарылса, екі жақ бір бірімен байланыста болады. Бұл жерде нарық жағдайында (немесе өндіру технологиясында) болатын өзгерістер екі жақтың бірі екіншісін өз мүддесіне пайдалануы мүмкін, яғни оппортунистік бағытқа әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда транзакциялық шығындар өте жоғары болады.
Транзакциялық шығындар жоғары болса, компания қызметті немесе тауарды өзінде шығаруға шешім қабылдауы мүмкін. Алайда өзінде белгілі жұмыстарды жүргізу өзінің шығындарына алып келеді.
Компания өз ресурстарын сыртқы транзакиялар мен ішкі операциялар арасында бөлгенде жалпы шығын минималды болуын көздейді. Егер белгілі тауар немесе кететін транзакциялық шығындар ішкі өндіріске қарағанда жоғары болса, онда компания осы өнімді өзінде өндіруден пайда түсіреді.
Тәуелсіз компанияға бір немесе бірнеше сатып алушыларда сұраныс тапқан тауарды өзінде өндіру пайда әкелмеуі мүмкін. Алайда нарық кеңейген сайын тауар мен қызметке деген бұрынғы шектелген сұраныс енді өседі. Бұл бұрында бір фирма атқаратын қызметке жаңа фирмалардың мамандануына мүмкіндік туғызады. Сонымен жаңа компаниялар мен салалар пайда болады. Бұл тек тауар емес, қызмет көрсету саласында да болады: қазақстандық тәжірибеде мұны жиі байқауға болады – тәуелсіз тазалау, күзет, кафетерий, тойхана және басқа бизнес-ұйымдары өмірге кел3п жатады. Бұл ойды өз уақытында Адам Смит былай деп айтқан: «еңбектің бөлінуі нарық өлшемімен шектеледі».
Джордж Стиглер 1951 ж. (Б қосымша материалын қараңыз) сала кеңейген сайын компаниялар бұрында барлығын өзінде өндіруде болатын тік интеграцияны бастан өткізеді, деген қорытындыға келген. Әрине, транзакциялық акциялар азаяды және возможность «оппортунистік бағыттағы» әрекеттену мүмкіншілік те төмендейді.
Негізгі қызметтің аутсорсингі біршама жаңа құбылыс болып келеді. Бұрында сауда маркасына немесе отбасылық брендке ие тауарлар аутсорсигін байқайтынбыз. Алайда қазір де жоғары технологиялық тауарлар мен қызмет аутсорсингі кең тараған. ХХ ғасырдың басында Ford компаниясы автомобильге қажет шинаны, болатты, әйнекті өзі шығаратын. Ал дамыған елдерде тауарлардың аз ғана пайызы өзінде жасалады, қалған басым бөлігі Азияда шығарылады.
Аутсорсинг шығысқа қарай кеңею тенденциясы орын алған, оның үстіне кеңес жұмыстары жалақысы төмен елдерге ауысуда. Аутсорсингтің жаңа бағыты жоғары технологиялық жұмыстардың, әсіресе программалық қамтамасыз ету саласына қатысты болып жатыр. Мысалы, Үндістан осы қызмет түрінің ірі орындаушысы болып келеді, бұл салада өте білікті мамандар бар, ал олардың жалақысы АҚШ және батыс елдеріне бірнеше есе аз.
Рональд Коузтың экономикалық теориясына салған үлесі Интернет арқылы бүгінде орындалып жатқан транзакциялар үшін өте зор маңызы бар. Ішкі опреацияға кететін шығындар мен сыртқы транзакцияға кететін шығындары арасындағы таңдау туралы негігі идея бұрынғы күшін жоғалтқан жоқ. Интернет транзакциялық шығындарды едәуір төмендетуге алып келді. Соның арқасында компаниялар өзінің операцияларын тіпті жай және тиімді қысқартуға және өзі атқарған жұмыстың көп бөлігін нақты операцияларға маманданған сыртқы компанияларға аударуға мүмкіндік алды.
Транзакциялық шығындар өз ішіне ізденіс пен зерттеу құнын, контрактты бекіту мен үйлестіру құнын кіргізеді. Интернет бұл шығындарды төмендетті: ізденіс пен зерттеу елеулі оңай болды, жабдықтаушыларды тез және оңай болады, жабдықтаушылар қанша сенімді және оның қаржы жағдайы туралы ақпаратқа оңай қол жетеді. Ақпаратты жинау, сыныптау және таратумен айналысатын онлайн-ұйымдар сатып алушыларға баға, сапа және жеткізу датасы бойынша келісімдерді бекітуді елеулі оңайлатты. Егер қажет болса, жүктің қай жерде осы мезетте жылжып келе жатқан нақты уақытын көрсете алады.
Р. Коуз жаңа экономикада транзакциялық шығындарды түсіну жоғары дәрежеде мамандануға және көбірек өндіруге мүмкіндік береді, өйткені енді тиімдірек бола аласыз, деп айтқан. Нәтижесінде көбірек шағын фирмалар пайда болады, ал ірі компаниялар ірілей түседі, өйткені олар өзінің негізгі қызметінде шоғырлануға және өзі жақсы жасай алмайтын нәрсені контракт бойынша алуға мүмкіндік туады.
Сонымен, фирма жалпы шығынды мейлінше азайту мақсатымен сыртқы нарықтағы транзакциямен байланысты шығындарды өзі өндіру кезіндегі шығындармен үйлестіреді. Бұл компанияның жаһандық экономикалық мақсатымен үйлеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |