Ақпарат алу үшін психолог пен респондент арасында тақырыптық бағытталған диалогты жүргізуден тұратын психологиялық вербалды-коммуникативті әдіс.Психологиялық әңгімеде психолог пен респонденттің ауызша ақпарат алмасу түрінде тікелей өзара әрекеттесуі жүреді. Әңгімелесу әдісі психотерапияда кеңінен қолданылады. Ол сонымен қатар консультативтік, саяси, құқықтық психологияда тәуелсіз әдіс ретінде қолданылады.Әңгімелесу барысында психолог зерттеуші бола отырып, сұхбатты жасырын немесе нақты түрде бағыттайды, оның барысында ол сұралған адамға сұрақтар қояды.
Сөйлесудің екі түрі бар: Басқарылатын және Басқарылмайтын