Басқарудағы сандық әдістер мектебі. ( 1950- XX ғасыр ). Бұл мектептің негізгі еңбегі операцияларды зерттеу әдіснамасында, өйткені оның іс-әрекеті күрделі басқару мәселелерін әр түрлі ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мен қолдану барысында түсінудің тереңдеуіне ықпал етті және күрделі жағдайларда шешім қабылдайтын жетекшілерге көмектесті. Басқару психологиясының дамуы 1966 жылы EAESP ассоциясының құрылуына негіз болды.
Басқару ғылымы шеңберінде бірнеше бағыттар бөлініп қалыптасты. Жүйелік бағыт ұйым мәселелерін кешенді шешуге бағытталған басқару түрі.
Жағдаяттық бағыт. Бұл концепция 1960 жылы пайда болды. Бұл қалыптасқан жағдайға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған басқару тәсілі.
Процессуалды бағыт. Үрдістерді ұйымдастырудың динамикалығы мен қиындығын түсінуі, бейнелейтін, басқаруды үрдіс ретінде түсіндіретін бағыт.
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
әкімшіліктік
ұйымдастырушылықтық
құқықтық реттеу әдістері
экономикалық
әлеуметтік психологиялық
ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПСИХОЛОГИЯ
Қазіргі кезеңдегі психология қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс- әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы
Педагогикалық психология Медициналық психология Заң психологиясы
Әскери психология Спорт психологиясы
Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектң ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін
және болып
психология ғылымының жеке табылатын бірнеше
зерттейді салалары тұрады:
инженерлік психология,
бөлімдерден
авиация
психологиясы, ғарыш психологиясы
Педагогикалық психология – адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, даңдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз- шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарасырады.
Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: нейропсихологиядан, психофармакологиядан, патопсихологиядан, клиникалық психологиядан, психопрофилактика және гигиенадан.