Басқару теориясының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасау


Басқару іс – әрекетін үйренудің жолдарында кездесетін қиындықтар



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі48,68 Kb.
#115962
1   2   3   4
Байланысты:
Басқару теориясының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтіре о-emirsaba.org

Басқару іс – әрекетін үйренудің жолдарында кездесетін қиындықтар
Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады. Бұл іс-әрекетті психологиялық зерттеудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйымдастырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет. Олар төмендегілерден көрінеді:

  1. Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарастырылуға тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарастыруда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады.


  2. Басқару іс-әрекеті тұтастай пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс жақтары: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық, т.б. басым болды.


  3. Басқару іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан психологиялық зерттеу өте қиын, өйткені бұл жерде психикалық нақтылық сияқты айқын емес сала зерттеу тақырыбы болып табылады. Сондықтан басқару іс-әрекетінің ішкі мазмұнына қарағанда, оның сыртқы байқалымдары көбірек зерттелген. Бұл іс-әрекетті танудың негізгі принципі оның ішкі және сыртқы мазмұнын талдауды сабақтастыру болып табылады.


Іс-әрекет ұғым ретінде жалпы ғылыми категорияға ие. Ол көптеген ғылымдарда қарастырылады. Жалпы түрде ол қо- ғамдық қатынастардың жеке формасы ретінде анықталып, тұлғаны еңбектің қоғамдық бөлінуі құрылымына қосылу тәсілін сипаттайды. Іс-әрекетті қарастыратын әрбір ғылым, бұл жалпы философиялық анықтаманы өзінше нақтылайды. Бұл ғылымдарда алынатын білімді біріктіру қажеттілігі ісәрекетті зерттеуде кешенді принцип ретінде көрсетіледі. Іс-әрекетті кешенді зерттеуде психология жетекші рөл атқарады.


Іс-әрекет – бұл субъектінің қоғамдық мәнді құндылықтарды жасауға байланысты болмысқа және саналы қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған қоғамдық тәжірибені игеруге қатысты белсенді қатынасының формасы.
Субъектінің еңбек белсенділігін және осы белсенділікті жүзеге асыратын тұлға қасиеттерін реттейтін және бағыттайтын психологиялық компоненттер іс-әрекетті психологиялық зерттеудің тақырыбы болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі психологиялық қасиеттері: белсенділік, саналылық, мақсатты бағытталу, оның құрылымының жүйелілігі, ал мотивация – іс-әрекет негізі. Сондай-ақ іс-әрекеттің ішкі және сыртқы сипаттамалары бар. Сыртқы сипаттамасы – бұл еңбек объектісі мен субъектісі, іс-әрекеттің тақырыбы, құралдары мен жағдайлары туралы ұғым. Еңбек тақырыбы – жұмыс үдерісінде объект басқаратын заттардың, үдерістер мен құбылыстардың сабақтасуы. Еңбек құралдары – адамның еңбек заттарына әсер ету мүмкіндігін күшейтетін жабдық. Еңбек жағдайлары – бұл іс-әрекеттің психологиялық, әлеуметтік және санитарлық-гигиеналық сипаттамаларының жүйесі. Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы оның психикалық реттелу механизмдерін, құрылысын, мазмұнын және жүзеге асыру құралдарын сипаттайды.
Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері: мақсат, мотив, ақпарат көздері, жоспар, шешімдер қабылдау, психологиялық процестер, бақылау мен түзету механизмдері, т.б. Ісәрекет дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған еркін және арнайы белсенділікті білдіретін іс-әрекет құрылысының негізгі бірлігі. Операциялар – іс-әрекетті орындау тәсілдері болып табылатын, автоматтандырылған әрекеттер. Іс-әрекет- тің негізгі компоненттері әрекеттің инварианттық құрылымы ұғымымен белгіленеді. Ол іс-әрекеттің түрлері мен формаларының айырмашылықтарына, оны жүзеге асыру шарттарына байланысты өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан іс-әрекет түрлерінің психологиядағы жіктелуі көп: еңбектің заттық және мазмұн ерекшелігі (зерделік және дене күші), зат ерекшелігі, жалпы сипаттары т.б. бойынша.
Тағы да бір іргелі жіктеме бар, оған сәйкес іс-әрекеттің барлық түрлері мен типтері негізгі: жеке және бірлескен категорияға бөлінеді. Жеке іс-әрекет қашанда қандай да бір бірлікке қосылады, сондықтан оларды тек шартты түрде ғана ажыратуға болады, бірақ олардың арасында едәуір айырмашылық бар. Ісәрекет психологиясы екі негізгі тараудан: жеке және бірлескен іс-әрекет психологиясынан тұрады. Біріншісі екіншісіне қарағанда әлдеқайда терең зерттелген.
Психологиялық тұрғыдан басқару іс-әрекеті жеке және бірлескен іс-әрекеттердің синтезі ретінде айтылады, сондықтан ұйым қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей емес, орталықтандырылған байланысымен сипатталады. Басқару іс-әрекетінде тікелей атқарушы қызмет неғұрлым аз болса, оның тиімділігі соғырлым жоғары болады.
Басқару іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі оның тақырыбы, яғни әсер ету объектісі – адамдар-субъектілер болып табылатындығында.
Еңбек субъектісі мен объектісі өзінің ұйымдастырылу күрделілігі бойынша ұқсас, яғни психологиялық ерекшеліктері бойынша сәйкес болып табылады. Жетекші бір мезгілде араларында белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қатынастар бар көптеген субъектімен байланыста болады. Олар сондай-ақ жетекшінің іс-әрекет тақырыбына кіреді және оған қосымша ерекшелік береді.
Басқару іс-әрекеті өзінің үдерісі бойынша да ерекше.
Басқару іс-әрекеті мазмұны бойынша басқарудың әмбебап қызметтерінің (жоспарлау, болжау, мотивация, т.б.) жүзеге асуы.
Басқару іс-әрекетінің мақсаты – ұйымдық жүйенің нәтижелі қызмет істеуін қамтамасыз ету.
Басқару іс-әрекетінің шарттары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы шарттар – бұл уақытша шектеулер, ақпараттық айқынсыздық, түпкілікті нәтижеге деген жоғары жауапкершілік, ресурстардың жеткіліксіздігі, сәтсіз жағдайлар- дың туындауы. Ішкі шарттар – бір мезгілде әртүрлі іс-әрекеттерді орындау және көптеген мәселелерді шешу қажеттілігі, нормативті нұсқаулардың қайшылығы, жетекшінің тиімділігін бағалау белгілерінің тұжырымдалмауы, көбінесе олардың болмауы, т.б.
Жетекшінің ұйымдастырушылық мәртебесі қос мәнді: ол бір мезгілде ұйымның мүшесі ретінде және одан жоғары болуы мүмкін. Егер жетекші тек басшы ғана емес, сондай-ақ нақты көшбасшы болса, онда ұйымның іс-әрекеті әлдеқайда тиімді болады. Бұл оны ұйымдастырудың иерархиялық және коллегиялық принципінің тағы да бір белгісі.
Басқару іс-әрекетінде, сондай-ақ жетекшінің ұйымдастырушылық мәртебесімен шартталған сипаттамалары көрсетіледі. Олар «жетекшінің жеке ерекшелігі» ұғымымен белгіленеді және төмендегілерден тұрады:
− жетекші – ұйымдағы екі қызметі бар жалғыз адам. Мысалы, кәсіпорын директоры оның мүшесі болып табылады және бір мезгілде басқарудың әлдеқайда жоғарғы қатардағы органы – директордың кеңесіне кіреді;
− жетекшіге ұйымның жекелеген қандай да бір бөлігінің жұмысына емес, оның тұтастай қызмет етуіне жауапкершілік жүктелген;
− жетекші тұтастай ұйымға, оның кез келген мүшесіне қарағанда, едәуір үлкен ықпал ете алатын мүмкіндігі бар.
Басқару іс-әрекетінің белгілері мен сипаттамаларының жиынтығы оның кәсіби іс-әрекетінің басқа түрлерінен айырмашылықта болатын психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір симптомдық кешенін түзеді. Ол әртүрлі айқындылықпен көрінеді. Бұл айырмашылықтар жетекшінің иерархиялық мәртебесін анықтайды – ол неғұрлым жоғары болған сайын атап көрсетілген белгілер соғұрлым айқынырақ және керісінше болады. Басқару континуум ұғымы, бір жағынан, шағын топтарды басқарудың төменгі деңгейін, екінші жағынан, кәсіпорындар мен фирмаларды басқарудың жоғарғы деңгейлерін түзеді. Мұнда ісәрекет мазмұны оның негізгі белгілерінің айқындалу дәрежесі бойынша басқару қызметтерінің негізгі үш категориясы атап көрсетіледі: төменгі, орта және жоғары буын жетекшілері. «Төменгі буын» жетекшілері («кіші басшылар») қызметкерлерді тікелей басқарады. Олар – шеберлер, бөлім меңгерушілері. «Кіші бастықтар» жұмысын бақылайтын орта буын жетекшілерінің типі әлдеқайда көп және алуан түрлі. Оны екі шағын топқа бөледі: орта буынның жоғары және төмен деңгейлері. Бұл – жоғары оқу орнындағы декан, фирма филиалының директоры. Жоғарғы буын жетекшілері ірі өндірістік және мемлекеттік ұйымдарды басқарады. Бұл деңгей өкілдері ұйым бейнесіне тұтастай өз тұлғасының таңбасын қалдырады.
Негізгі басқару қызметтерінің жүйесін анықтау басқару теориясының ең маңызды әрі күрделі мәселесі болып табылады. Басқару іс-әрекетінің функционалдық табиғаты туралы ереже жалпы танымал болып табылады, дегенмен жетекші қызметтерінің тұтастай жүйесі жоқ. Оны құруда төмендегі қиындықтар кездеседі:
  1. Басқару қызметтерінің оларды жүйелендіруге қиындық келтіретіні – санының көптігі мен алуан түрлілігі.


  2. Олардың жинағы нақты айқындалмаған. Бір жағдайларда «әкімшілік мектепте» анықталып болған әлдеқайда маңызды қызметтер, екіншілерінде басқа да алуан түрлі қызметтер (психотерапиялық, арбитраждық) атап көрсетіледі.


  3. Қызметтер қорытылуының әртүрлі дәрежесі. Бұл жалпы тізімде алдын ала әртүрлі деңгейдегі қызметтердің қатар тұруына соқтырады, ол шатасу туғызады.


  4. Қызметтердің өзара байланысы мен өзара кірігуі олардың айқындалуын қиындатады.


  5. Жетекші іс-әрекетінде базалық қызметтер (алғашқы) және олардың туындылары (екінші) болады. Бұл, мысалы, ұйымдастырушы қызметі. Ол өз бойында басқа бірқатарын: яғни жоспарлау, шешім қабылдау, бақылау, мотивацияны интеграциялайды.


  6. Қызметтердің бағытталуы бойынша айырмашылығы. Бұл кез келген ұйымдастыру жүйесінің әлеуметтік-техникалық сипаты және онда әртүрлі сапалы компоненттердің, адамдар мен технологиялардың болуы.


  7. Қызметтер жүйесі жетекшінің «басқару континуумындағы» нақты іс-әрекеті мен қызметтік жағдайының мазмұнына тәуелді болады.


Егер басқару қызметтері жүйесінің негізіне бірнеше белгілер қоятын болса, онда қиындықтарды жеңуге болады. Бұл белгілер жетекші іс-әрекетінің мазмұнымен анықталады және «басқару еңбегінің негізгі өлшеулері» ұғымымен сипатталады (мұндағы «өлшеу» ұғымы Г. Юкл қолданған тәсілдегі оның мәнімен сәйкес емес).


Басқару қызметтері төрт санатты топ бойынша жіктеледі:
Бірінші топ – әрекеттік-әкімшілік қызметтер.
Екінші топ – кадрлық қызметтер.
Үшінші топ – өндірістік-технологиялық қызметтер.
Төртінші топ – туындылық (синтетикалық) қызметтер (интеграциялық, стратегиялық, өкілеттілік, кеңестік, т.б.).
Бұл қызметтердің әрқайсысы жүзеге асырудың екі: жетекшінің оларды жүзеге асыру жөніндегі жеке және жалпы ұйымдастырушылық (басқарылатын ұйымның өзге де құрылымдарын қосу) жоспарынан тұрады.
Әр қызметті басқару оның жеке және жалпы ұйымдастырушылық жақтарын өзіне қосуға тиіс.
Ғылыми әкімшілік басқару, адамдық қатынастар мен мінез-құлық ғылымдары түсініктеріне талдаулар жасау
Дәстүрлі қазақ қоғамында ел басқарудың тамаша демократиялық жүйесі қалыптасқан. Ол – билер құқығы, осынау билік иелері өткізген билер кеңесі, билер соты. Негізінен, қазақ халқының ежелден қалыптасқан сана-сезімінде билік – «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымда. Бұл 14-15 ғасырларда ежелгі түрік тіліндегі «Бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болған. Сөйтіп, ол «басқарушы», «ел билеуші» деген мағынасын білдіреді. Уақыт өте келе «би» сөзі бастапқы сематикалық-тілдік реңкінен ажырады, негізінен дау-жанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын адамды бейнелеу, атау үшін қолданыла бастады.
Баршамызға мәлім, XIX ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамыды. Сол заманда ең төменгі – бұқаралық билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпаға беделді, өмірлік тәжірибесі бай ақсақалдар атқарды, орта буындағы, яғни потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары – билер уысында ұстады.
XVII ғасырда қазақ даласында тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. «Жеті жарғы» ғұмыр кешу салты бір, төскейде малы, төсекте басы қосылған үш халықтың мүддесіне қызмет ететін, халықаралық ережеге сәйкес көтерілген ел билеу заңы деуге болады. Мемлекеттік басқару жүйесінде билердің мынандай кейбір айрықша құқықтары болды: «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкес олар өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде әкімшілік билік жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асырып, соған байланысты ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін терең білуге тиісті болды. Билер ру-тайпаның басшысы болғандықтан, әкімшілік қызметті де қоса атқарды, өз қауымының тәртіп, талабына жауапты болды. Сөйтіп, хандардың халық арасындағы тірегіне айналды. Осыған орай олардың ең данагөй, беделдісі хан жанындағы билер кеңесінің құрамына еніп, ескі қағидаларды жаңғыртып, заңи жосындар қабылдауға қатысты, ханның ішкі, сыртқы саясатына, әскери доктринасына оң ықпалын тигізді.
Тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, басқару теориясының ғылыми негіздегі дамуы төрт тұрғыдан атап көрсетіледі: 1) басқарудағы негізгі мектептер тұрғысынан; 2) процестік; 3) жүйелік және 4) жағдайлық.
Бұлардың біріншісі – бұл ғылыми әкімшілік басқару («классикалық мектеп»), адамдық қатынастар мен мінез-құлық ғылымдары, басқарудың сандық әдістер мектептері. Басқа үшеуі де тарихи тұрғыдан қызғылықты, бірақ олар қазіргі басқару ғылымының сипаттамасы үшін әлдеқайда маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет