Басқару теориясының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасау



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі48,68 Kb.
#115962
1   2   3   4
Байланысты:
Басқару теориясының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтіре о-emirsaba.org

Ғылыми басқару мектебі (1885-1920). Оның пайда болуының арқасында басқару ғылымы дербестік және қоғамдық танымға ие болды. Оның өкілдері Ф. Тэйлор, Ф. Гилбрет, Л. Гилбрет, Г. Эмерсон және басқалар алдымен еңбектің өз мазмұнын және оның негізгі элементтерін зерттейді, тек содан кейін ғана басқару – бұл айрықша мамандық, ал ол туралы ғылым – дербес пән деген тұжырымға келеді [13]. Еңбек өнімділігін арттыруға, бұл мектеп өкілдерінің пікірінше, негізгі үш тәсілмен қол жеткізуге болады:
  1. еңбектің өз мазмұнын – оның режимін, жағдайларын, операцияларын, жұмыс әрекеттерін тиімділендіруді қарастыру. Осының бір өзі ғана қарапайым қол еңбегі өнімділігінің күрт өсуіне және өндіріске деген әкімшілік шығындардың азаюына алып келді;


  2. ұжымдық және жеке еңбекке бақылауды еңбек үдерісін ынталандыру және реттеу жүйесі негізінде енгізу;


  3. кәсіпорынды тұтастай басқарудың оңтайлы жүйесін, осы ұйым жұмысының ең жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін жүйені анықтау.


Басқару туралы ғылым өзінің пайда болған сәтінен бастап, еңбекті ұйымдастыру және оны басқаруда өндіріс тиімділігі мен кірісті ұлғайтудың қосымша резерві болып табылатынын айқын әрі сенімді көрсетіп берді. Еңбекті басқарудағы Ф. Тейлордың негізгі принциптері төмендегідей:


а) жұмыстың әрбір элементін ғылыми тұрғыдан орындау;
ә) ғылыми тұрғыдан жұмысшыларды таңдау және оларды
оқыту;
б) жұмысшылармен бірлесу;
в) менеджерлер мен жұмысшылар арасындағы нәтижеге
деген жауапкершілікті бөлу.
Осы бұлжымайтын айғақтар мен дәлелдер басқару туралы ғылымға қатысты қоғамдық пікірдің өзгеруіне алып келді.


Басқарудағы әкімшілік («классикалық» мектеп) (1920-1950)). Басқару теориясының әрі қарай дамуын қарастыруды тереңдету және қорыту жолымен жүріп отырды, бұл жерде ең бастысы оның басқару саласына таралуы болып табылды. Сондықтан бұл мектептің ірі өкілдері өндірісшілер емес, басқарушылар болғаны заңды. Мектептің негізін қалаушы А.Файоль ірі француз компаниясының басшысы болды. Оның жетекші ізбасарларының да (Л. Урвик, Д. Мунк, Э. Реймс, О. Шелдон, т.б.) жоғары әкімшілік басқару тәжірибесіне қатынасы болды.
«Классикалық» мектеп ұйымдардың барлық типтеріне жарамды және олар қызметінің жоғары нәтижелеріне кепілдік беретін басқарудың әмбебап принциптерін жасады: еңбек бөлінісі, уәкілдік пен жауапкершілік, тәртіп, бір басшылық, жеке мүдделерді қоғамдыққа бағындыру, қызметкерлерді марапаттау, скалярлық тізбек (басшының иерархиялық ұстанымы), адалдық, қызметкерге арналған жұмыс орнының тұрақтылығы, құлшыныс, корпорациялық рух.
Дегенмен «классикалық» мектепке, оның басқару ғылымына қосқан үлкен үлесіне қарамастан, басқарудың әлеуметтік аспектілеріне қызықпаушылық тән болды; психологиялық және мінез-құлықтық факторларға зейін аз аударылды. Бұл мектепті, әдетте, басқару теориясындағы ұтымды тұрғыдан жүзеге асыру ретінде қарастырады.
«Басқару психологиясы» ұғымы Кеңес Одағында 20-жылдары қолданысқа ене бастады. ІІ Бүкілодақтық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша құрылған конференцияда (1924 жыл, наурыз) осы сала бойынша мәселе көтеріліп, баяндама жасалды. Нәтижесінде басқару психологиясы бойынша мәселелерді шешудің екі міндеті атап өтілді: біріншісі, қызметкерлерді жеке ерекшеліктері мен қабілетіне байланысты қабылдау, екіншіден, олардың еңбектерін ынталандыру арқылы жетістікке жетуі көзделді.


Адами қатынастар мектебі және мінез-құлық тұрғысынан (1930-1950). Бұл мектепті көбінесе оның классикалық мектептің кемшіліктеріне, олардың ең бастысы ұйымдағы адамдық фактор рөліне зейін аудармауға өзіндік реакция ретінде пайда болған неоклассикалық деп атайды. Э. Мэйоның «Уэстерн электрик» зауытында жасаған хотторндық эксперименттері ұтымды бағыттың өкілдері ұсынған әдістердің (операциялардың айқын бағдарламасы, жоғары еңбекақы, т.б.) еңбек өнімділігінің артуына өне бойы жеткізе бермейтінін көрсетті. Еңбек тиімділігі мен басқарудың күшті факторлары ретінде ұйымдастыру және экономикалық себептермен қатар психологиялық компоненттермен (мотив, тұлғалық қатынастар, қызметкерге деген қатынас, олардың мақсаттары мен ұмтылыстарын есепке алу) бірге жүретіні дәлелденді. Бұл мектептің көрнекті өкілі М.П. Фоллет басқаруды «жұмысты басқа тұлғалардың көмегімен қамтамасыз ету» ретінде анықтайды. Міне, сондықтан да ол осы бір «басқа тұлғалардың» психологиялық ерекшеліктерін ескеруге негізделуге тиіс.
Зерттеулерді қайта бағдарлау басқарудағы мінез-құлықтық мектепті рәсімдеуге алып келеді, оның басты мақсаты ұйымдастырудың тиімділігін адами фактор негізінде арттыру болып табылады.
Басқару теориясындағы зерттеулер бағытын түбегейлі өзгерту себептерінің бірі жедел дамып келе жатқан психоло- гия мен әлеуметтанудың ықпалы болды. Бір мезгілде өнеркәсіптік психология да пайда болды. Оның негізін қалаушы Г. Мюнстерберг болып есептелінеді; өзінің «Психология және өнеркәсіптік тиімділік» деген еңбегінде ол жаңа ғылымның қарастырылып отырған мектеп мақсаттарына өте ұқсас мақсаттарын тұжырымдады.
Адами қатынастар мектебінің дамуына әлеуметтік зерттеулер үлкен ықпал етті.
Иерархия, билік және бюрократия – бұл әлеуметтік, соның ішінде әкімшілік те ұйымдардың әмбебап принциптері (М. Вебер). Топтар адамдардың кез келген әлеуметтік ұйымдағы мінез-құлқын өздерінің құндылықтары мен нормаларын белгілеу жолымен бақылайды (Э. Дюркгейм). «Әлеуметтік жүйелер тепе-теңдігі» тұжырымдамасының (В. Паретто) негізгі қағидасы төмендегі- дей: әлеуметтік жүйелер өзгеріп отыратын сыртқы ортамен тепетеңдікте болу үшін, өзінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Мінез-құлықтық тұрғыдан көптеген қағидалары қазіргі кезде де әлі көкейкесті және басқарудың осы күнгі теориясының құрамы болып келеді.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет