Саясиәлеуметтену- қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғарғы немесе арнаулы оқу ордасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір сатысының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси- әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің сипаты, топтың, таптың, ұлттың ерекшеліктері және т.с.с. әсет етеді.