Саммит- сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
Саясат- алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынадай мағынаны білдіреді:
Өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
Мемлекеттің істеріне қатысу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау;
Адамзат қоғамның даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оныңс сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің сипаты;
Әдетте тілде-адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетінің сипаты;
Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат-өнер —саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғарғы тәжірибелікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдалануы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатыр. Саясатты өнерге теңеуі содан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саясат ғылым-біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден, нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болуы үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізуі қажет.
Саясат субъектілері-іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал етеді, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс- әрекеттердің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық- саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.
Саясаттану- саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.
Достарыңызбен бөлісу: |