Социал-демократия-- қоғам дамуында әлеуметтік саналарға басымдық беретін идеялық саяси ағым. Мұндай партиялар XIXғ. Аяғы мен XXғ. басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды. Олардың мақсаты-барлық еңбекшілерге жақсы өмірді, еркіндікті, әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету. Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей, эволюциялық жолын дұрыс деп санайды. Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды. Қазіргі кезде дүние жүзінде 17 млн. Адамнан астам мүшесі бар 80-нен артық социал-демократиялық партиялар бар. Олар Еуропа континентінде қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекшілердің мүддесін қорғау, жалпы халықаралық жағдайды сауықтандыруда көптеген еңбек сіңіруде.