3.Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Отандық саясаттану ғылымы тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ ғасырдың басындағы қоғамда болған ірі-ірі өзгерістер халық зиялыларының елдің саяси болашағы жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды. Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен
айналысуға тиым салды. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде оқытыла бастады.
Жоғары оқу қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер тек қана базалық білімдер жинағын лап қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алуға дағды қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық құндылықтарды меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған.
Студентке саяси білімнің қажеті не деген сұрақ туындайды. Саяси сауатсыз адам қазіргі қоғамда өзіндік пікір қалыптастырып, таңдау жасай алмайды. Көптеген идеялық ұстанымдарға сене беруі мүмкін. Ал саясаттан хабары бар, оның заңдылықтары мен тенденцияларын, қыр-сырын білетін және меңгерген адам демократиялық принциптер мен құндылықтарды жете меңгеріп, оның маңыздылығын түсіне алады және соны орнатуда белсенді іс-әрекет ету жолдарын анықтай алады.
2- т а қ ы р ы п
ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Ж о с п а р ы:
Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Достарыңызбен бөлісу: |