3.Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.
Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.
Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.
ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
Г.Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында қоғамның басқарушыларға және бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Алғаш рет элита теориясының негізін қалайды. Халықты ұлттық және діни сезімдерге негізделген идеяларды пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.
Достарыңызбен бөлісу: |