Басылым: алтыншы


Электрондық деңгей (қабат), электрондық деңгейше (қатпар)



бет11/49
Дата31.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#21763
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
Тезисы лекций (1)

Электрондық деңгей (қабат), электрондық деңгейше (қатпар).

Энергияның минимальды болу принципі. Электрон спині. Паули принципі. Орбитальдар, деңгейлердің, деңгейшелердің максимальдық сыйымдылығы.

Элементтердің қасиеттері олардың атом радиусына, иондану, потенциал, электрон электрон қосып алғыштығына және электр терістілігіне байланысты.



Атом радиустары. Электрондардың толқынды қасиетіне байланысты атомдар мен иондардың радиустарының нақты шегі болмайды, олардың радиустарын кристалдардан шартты түрде анықтайды.

Элементтердің радиустарының өзгеруіне көптеген шамалар өте тығыз байланысты. Сондықтан периодтарды, топтар мен топшаларда элемент радиусының қалай өзгеруі маңызды мәселе.

Период бойынша элементтердің реттік сандарының өсуіне қарай радиустары кішірейеді, ал негізгі топшада реттік санының өсуіне қарай радиус өседі. d-элементтер мен f-элементтерде ядро зарядтарының өсуіне байланысты радиустың кішіреюі баяу жүреді. Бұл d-, және f- тығыздалуға байланысты болады.

Сонымен солдан оңға қарай элементтердің радиустарының кішіреюіне байланысты олардың металдық қасиеті төмендеп, бейметалдық қасиеті өседі.

Кок радиусы атом радиусынан өзгеше болады. Оң ионның радиусы атлмдарынан кіші, теріс ионның радиусы атом радиусынан үлкен болады.

S-2S0S+4


r1>r2>r3



Атомнан электрондыруға және оны атомға әсер етпейтіндігі қашықтыққа әкетуге жұмсалатын энергия иондану энергиясы деп аталады. Иондану энергиясы (потенциалы) электровольтпен (ЭВ) немесе килоджульмен (кДж/моль) өлшенеді.

Элементтер атомдарының иондану энергиясы реттік номерлерінің өсуіне байланысты периодты түрде өзгереді. Әр периодтың басында тұрған сілтілік металдардың иондану энергия мөлшері өзі период соңында тұрған галогендер мен инертті газдардікі көп. Бұл элементтің ядро зарядының өсуі мен радиусының кішіреюіне байланысты. Период бойынша жоғарыдан төмен қарай иондану энергиясы кемиді, себебі, элементтің радиусы өседі.

Элементтің иондану энергиясына оның тотықсыздандырғыштық қасиеті тығыз байланысты. Иондану энергиясы неғұрлым аз болса тотықсыздандырғыштық қасиеті соғұрлым жоғары болады. Сілтілік металдарының тотықсыздандырғыштық қасиеті ең жоғары.

Атомға бір электрон қосылу нәтижесінде бөлінетін энергияны электрон қосып алғыштық (Е) деп атайды. Е-эВ өлшенеді. Периодтық жүйеде солдан оңға, төменнен жоғары қарай Е-өседі, осы бағытта элементтердің бейметалдық және тотықтырғыштық қасиеттері де артады. Электрон қосып алғыштық галогендерде жоғары галогендер күшті тотықтырғыштар, оның ішінде ең күшті тотықтырғыш фтор.



Электртерістілік. Актив металдардың иондану энегиясы аз болады да электрондарын оңай беріп жібереді, ол нағыз бейметалдардың электрон қосып алғыштығы жоғары болады да, электрондарды өзіне оңай қосып алады. Химиялық реакцияларда қай элементтің электронын беріп жіберетінін анықтау. Үшін электр терістілік деген ұғым енгізіледі. Элементтің электр терістілігі (ЭТ) иондану энергиясы (J) мен электрон қосып алғыштығының қосындысына тең.

ЭТ=J+E


ЭТ – абсолюттік мәндері болады, бірақ оларды қолдану қолайсыз. Америка ғылымы Полинг электротерістілік салыстырмалы мәндерін ұсынады. Полинг бойынша электр терістілігі ең жоғары мәні – фторда ол 4 тең. МТИ-дің ЭТ(4)=1 тең.

ЭТөседі


Басқа элементтердің ЭТ осы екі элементінен салыстырылып анықталады. Пер жүйеде ЭТ шамасы солдан оңға қарай, төменнен жоғары қарай өседі.

1913 жфлф ағылшын ғалымы Шозлирентген сәулелерін зерттей отырып элементтің реттік саны мен оның рентген сәулесінің ұзындығының арасында белгілі бір байланыс бар екенін анықтады. Ол Мозли заңы деп аталады.



Элементтің толқын ұзындығына кері шаманың квадрат түбірі оның реттік санына сызықты прапорционал. Элементтің реттік саны өскен сайын оның белгілі бір сериядағы рентген сәулесі толқын ұзындығының кіші мәндеріне қарай ағысады.
33 As

34 Se


35 Br

37 Pb


38 Sr
РентгенсәулесіндегіК-сарияныңреттіксанныңөсуінебайланыстыағысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет