Озон қабаты дегеніміз не? Озон қабатын сақтаудағы нақты шара ретінде 1985 жылы 18-25 наурыз аралығында Вена
қаласында 44 мемлекет өкілдері және халықаралық ұйымдар қатысқан форум өтті. Онда
«Озон қабатын қорғау туралы» Вена конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияға
нақтырақ тоқталатын болса, оның ішінде келесідей мәселелер қарастырылған:
– озон қабатының жойылуына әсер ететін химиялық заттардың тізімі көрсетілген;
– мемлекеттердің озон қабатын қорғаудағы жауапкершіліктерді қатаңдату;
– озон қабатының жойылуын болдырмау, оның алдын алу туралы шараларын күшейту;
- мемлекетаралық арнайы комиссиялар құру, ақпарат алмасу, т.б.
Ал, 1987 жылы Монреаль конференциясы өтті. Оның нәтижесі ретінде Монреаль
хаттамасына қол қойылды. Конференцияға қатысушыларға хлорфторуглерод және
фреонның (ХФУ) озон қабатына өте қауіпті екені мәлімделді. 1993 жылдан бастап
конференцияға қатысушы мемлекеттерге ХФУ-ты қолдануды 80% азайтуға жүктелді.
1991 жылы осы хаттаманы 70 мемлекет ратификациялады, Қазақстан Республикасы 1997
жылы қол қойған болатын. Ал оның ішінде екі ірі мемлекет Қытай мен Үндістан
ратификациялаудан бас тартқан болатын.
1996 жылы сәуір айында тәуелсіз мемлекетімізде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының
экологиялық қауіпсіздік концепциясы қабылданған болатын. Аталмыш концепция
республика Президентінің №2967 Жарлығымен бекітіліп, бұл концепция бойынша
экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық іргетасының компоненті ретінде танылған. Ол
қоршаған орта және РИО-92 дамыту БҰҰ Бүкіл әлемдік концеренциясының
принциптеріне негізделген. Бразилияда өткен экологиялық форумда Қазақстан – қоршаған
табиғи ортасы ластанған мемлекеттер қатарына жатқызылған. Осы орайда ерекше үрей
туғызып отырған республиканың экологиялық қолайсыз аймағына Арал, Семей полигоны,
Каспий маңы, Байқоңыр жатады. Ерекше экологиялық апат аймағына жататын – Шығыс
Қазақстан облысы, онда атмосфераның ластану индексі (АЛИ) – 20-30 бірлік көрсетуде.