Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет2/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Экологиялық құқықтың әдістеріне мыналар жатады: 
Экологияландыру әдісі. Бұл әдістің мазмұнынан экологиялық құқық қатынастарын 
құқықтық реттеу тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның 
жекелеген ресурсын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету 
бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс
Тараптардың теңдігі әдісі. Бұл әдіс, егер экологиялық құқық қатынасының мазмұны 
азаматтық құқықтық мәмілелер, заладың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда 
қолданылады. Бұл қатынастардың субъектілері, әдетте бірдей жағдайда болады, бір-біріне 
тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие болады. Оларды тек шарт қана 
байланыстырады. 
Биліктің ықпал ету әдісі. Бұл әдіс субъектілер бағынышты, тәуелді болған, олардың 
құқықтары мен міндеттерінің көлемі жоғары тұрған субъекті анықтаған жағдайда 
экологиялық құқық қатынастарында қолданылады. Айталық, ҚР-сы аумағында табиғат 
ресурстарын пайдалану жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік 
орган беретін рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырылады, бұл орган осы 
қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал етеді.
Мәжбүрлеу әдісі. Бұл әдіс кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды 
реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде 
толық заңды түрде қарастырылады, себебі кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп 
ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады. 
Экономикалық әдіс. Бұл әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, 
қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары 
реттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет