Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық
құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады:
1. ұйымдық – басқарушылық.
2. экономикалық.
3. әлеуметтік.
1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында
мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді.
Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, үкіметтің
жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи
ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: Қазақстан
Республикасы Конституциясының 31 бабында «мемлекет адамдардың өмір сүруі мен
денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінген. 61
бапта- Парламенттің «айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды
реттейтін» заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.
2. Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік
құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының
3 тармағында : «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген
негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда
«меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін» нормалардан да
тұрады. (26 баптың 2 тармағы)
3. Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында
көрсетілген «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат
байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.
Достарыңызбен бөлісу: