Басылым: жетінші


Экологиялық құқық көздері дегенді қалай түсінесіздер?



Pdf көрінісі
бет8/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Экологиялық құқық көздері дегенді қалай түсінесіздер? 
Экология құқығы саласында экология құқығының көздері деген ұғым кездеседі. Негізінен 
экология құқығының көздері болып табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғау, өсімін 
молайту, қалпына келтіру, пайдалану және басқа экологиялық қатынастарды реттейтін, 
оларды өзгертетін, тоқтататын нормативтік құқықтық актілер табылады. 
Бұл актілердің мынадай ерекшеліктері болуы керек: 

мемлекеттік – билеушілік күші ; 

көп мәрте қолданылуы; 

субъектілердің белгісіз санына бағытталуы; 

барлық субъектілерге міндетті түрде қолданылуы. 
 1998 жылдың 24 наурызында қабылданған ҚР “Нормативтік құқықтар туралы” 
Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері бар.
Негізгі түрлері: 
1. 
Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; 
2. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан 
Республикасы Президентінің өзге де күші бар Жарлықтары. Мысалға, Қазақстан 
Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары, “Жер қойнауы және жер 
қойнауын пайдалану туралы”, “Мұнай туралы” , т.б. 
3. 
Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның Палаталарының нормативтік 
қаулылары; 
4. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілері; 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
5. 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының және 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары. 
Мысалы, 22.12.2000 ж. ҚР Жоғарғы сотының Пленумының “Қоршаған ортаны қорғау 
жөніндегі заңнаманы соттардың тәжірибеде қолдануы туралы” қаулысы. 
6. 
Қазақстан Республикасы министрліктері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар 
басшыларының нормативтік бұйрықтары; 
7. 
Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік 
органдардың нормативтік қаулылары. Мысалға, “Cыртқы сулардың ластанудан қорғау 
ережелері мен санитарлық нормалары”. Бұл 1997 жылдың 18 тамызында 
санэпидбақылаумен расталған. 
8. 
Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет