Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет26/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Тұжырымдаманың мiндеттерiн орындау нәтижесiнде қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту және мiндеттi экологиялық сараптаманы 
енгiзу есебiнен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың 
қарқыны едәуiр төмендедi. Алайда, мемлекеттiң экологиялық осал аумақ және 
шешiлмеген экологиялық проблемалар мәртебесi сол күйiнде қалып отыр.Жоғарыда 
аталғандармен байланысты елдiң стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазiргi 
жағдайдағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мiндеттерiн түбегейлi қайта 
қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.Жаңа Тұжырымдамада iске асырылмаған 
мiндеттердi шешу ұсынылады. Олардың iшiнде: экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат 
пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде iргелi 
ғылыми зерттеулердiң iлгерiлемелi дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-
күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу; Қазақстан Республикасының аумағын 
экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады. 
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң 
өзектiлiгi және басымдықтары Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық 
проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез 
келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып 
табылатынын көрсетедi.Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық 
қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi 
сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады. Осы 
Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының 
басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi 
стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен 
Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының 
қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi 
дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi.Қоршаған ортаның жай-
күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң 
оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске 
асыруды көздейдi.Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану 
деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.Екiншi 
кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және 
табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.Yшiншi кезең (2011 - 2015 
жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты 
дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу. 
2.Экологиялық мониторинг және жүзеге асырудың тәртібі
Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі туралы Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы Экологиялық кодексінде жеке тарау берілген Экология 
саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды 
факторлардың бірі - бұл табиғат ортасының жай-күйі мен сапасы туралы толық, 
объективті ақпараттың болуы және оған ықпал етудің деңгейі. Егжей-тегжейлі ақпарат алу 
мемлекеттің дербес қызметінің мазмұны болатын экологиялық мониторинг. 
Мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі) 
- табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған ортаның, табиғи 
ресурстардыә жай-күйінің өзгеруін бағалау, болжау және бақылау мақсатында олардың 
жай-күйін қадағалаудың кешенді жүйесі. 
Атмосфералық ауа, жер, жер үсті мен жер асты сулары, жер қойнауы, жануарлар және 
өсімдіктер дүниесі, сондай-ақ климат пен Жердің озон қабаты, экологиялық жүйелер, 
қоршаған ортаныә халықтың денсаулығына әсер ететін факторлары мемлекеттік 
экологиялық мониторинг объектілері болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет