Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет28/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
метеорологиялық, агрометеорологиялық болжамдар жасау және дүлей метеорологиялық 
құбылыстардың туындау ықтималдығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен жер 
үстінің физикалық параметрлеріне, метеорологиялық, оның ішінде актинометрикалық, 
жылу балансы, озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудыә кешенді жүйесі. 
Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде климаттың және Жердің озон 
қабатының мониторингін жүргізу жүзеге асырылады. 
Радиациялық мониторинг - қоршаған ортаның объектілері мен аумақтардың техногендік 
және табиғи радиоактивті ластануына бақылау жасау жүйесі. 
Трансшекаралық ластану мониторингі - трансшекаралық сулар мен ауаның 
трансшекаралық ластануының, сондай-ақ қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді 
болғызбау, шектеу және азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігініә жай-күйіне 
шекаралас мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық шеәберінде жүзеге асырылатын 
бақылау жүйесі. 
Фондық мониторинг - қоршаған ортаның кешенді фондық мониторингі станцияларының 
мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа да ортаның биосферамен өзара іс-
қимылының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі 
Табиғи ресурстар мониторингі мынадай түрлерді қамтиды: 
-жер мониторингі; 
-су объектілері және оларды пайдалану мониторингі; 
-жер қойнауы мониторингі; 
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мониторингі; 
-таулы экожүйелер мен шөлейттену мониторингі; 
-орман мониторингі; 
-жануарлар дүниесі мониторингі; 
-өсімдіктер дүниесі мониторингі. 
Табиғи ресурстар мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 
сәйкес арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, олардың 
одан әрі қанат жаюын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою 
жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сандық және сапалық 
жай-күйіне базалық (бастапқы), жедел, мерзімді бақылау жасау жүйесі болып табылады. 
Жер мониторингінің деректері Мемлекеттік жер кадастрында қорытылады. 
Су объектілерінің мониторингі олардың жай-күйінің гидрологиялық, гидрогеологиялық
гидрогеохимиялық, 
санитарлық-химиялық, 
микробиологиялық, 
паразитологиялық, 
радиологиялық және уыттылық көрсеткіштерін тұрақты бақылау, теріс процестерді 
уақтылы анықтау, олардың қанат жаюын бағалау және болжау мақсатында алынған 
ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы іс-шараларының 
зиянды салдарларын болғызбау және тиімділік дәрежесін айқындау жөнінде ұсынымдар 
әзірлеу жүйесі болып табылады. 
Жер қойнауының мониторингі мемлекеттік жер қойнауы қорының ұтымды 
пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың өзгерістерін уақтылы анықтау, теріс 
процестерді бағалау, олардың алдын алу және салдарларын жою үшін жер қойнауының 
жай-күйіне бақылау жасау жүйесі болып табылады. Жер қойнауы мониторингінің 
деректері Мемлекеттік жер қойнауы кадастрында қорытылады. 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингі - табиғи процестердіә қалыпты өтуі 
мен қоршаған ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың экологиялық жүйелеріне әсерін зерттеу үшін бақылау жасау жүйесі. Ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар мониторингінің деректері Ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың мемлекеттік кадастрында қорытылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет