Доптыторға тастау әдістері .Допты бір орында тұрып екі қолмен лақтыру.Бастапқы жағдайда доп кеуде деңгейінде болады.Бір аяқ біршама ілгері келуі мүмкін.Аяқпен кеуденің бір мезгілде жазылуы арқылы қол допты торға доға бойынша бағыттап лақтырылады.Бір орныда тұрып және қозғалыс кезінде допты бір қолмен иықтан лақтыру.Доп иықта ұсталады.Бұл жағдайда қолдың басымен алақан алға қаратылып,қолдың сыртқы иыққа тірелген қалыпта болады.Лақтыру үшін аяқты тізеден бүгіп және бір мезгілде допты дененің үстіне көтеру керек.Аяқты жаза қолды жоғары көтере созып қолдың басымен саусақтардың үйлесімді қимылымен доп ілгері әрі жоғары бағытталып лақтырылады.Қозғалыс кезіндегі лақтыру бір аяқпенен серпілген серпіліс үстінде орындалады.Оны орындау реті:орын ауыстыра жүріп допты екі қолмен алып,бірінші адым содан соң екінші адымды жасап,аяқпенен серпіле секіріп лақтырады.