Шабуылдау техникасы. Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек,себебі сондай техника тәсілдері тез игеріледі.Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.
Тосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады:
1)Ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету
2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады
3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады.
Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі.Басқа тәсілдер киін сол жаттығулар арқылы үйретіледі,тек әдіске үйрену керек.Техника негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі.Бұл жерде көңіл тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы(қолмен жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта созылады).Аялдау,жүргізу,бұр-ылысынан кейін жасалатын әрекеттерге көңіл бөлу керек.
Лақтыру. Лақтыруда оның дәлдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек,себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу,нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады.Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға,қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне,дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек.Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана,ойлап оны жасау тәсілдеріне,ережелеріне көңіл бөлмейді.Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді.Үйренушілер техниканы меңгергенде,дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек.Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі.Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.
Допты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді.Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды үйретеді.
2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып келу.
ә)Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.
б)Допты тоса сала жүгіру.
в)Секіріп жүріп допты жүргізу.