Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


Басқару ісінің жалпы психологиялық мəселелері



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Басқару ісінің жалпы психологиялық мəселелері. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың мынандай ерекшеліктерін қарастыруға 
болады: 
1 – ші жетекшінің жеке басына қойылатын талап-тілектер мен оның психологиялық 
бейнесі. 
2 – ші басқару жұмысының жүйесі мен стилі жəне адамдар мен топ ішіндегі 
психологиялық ахуал. 
Жетекшінің немесе басқарушының өзіндік тəсілі дегеніміз-сол адамның істелетін істер 
мен атқарылатын қызметтерді қалайда жүзеге асырып отырудағы біліктілігі мен өзіндік 
əдіс-тəсілдерді қолданып отыруы. Басқару ісіндегі жетекшінің басшылық қызметі өзіндік 
əдіс-сипатымен ерекшеленеді. Жетекшінің басқару қызметіндегі өзіндік тəсілі оның жеке 
басына тəн психологиялық өзгешеліктері болып саналатын мінезіне, темпераментіне, 
ықылас ынтасы мен қабілетіне байланысты түрліше болады.
Басқарушы адамдардың даралық ерекшеліктеріне сəйкес оларды психологияда 
мынандай үш типке бөліп қарастырады: 
1. басқару ісінде демократияшыл тəсіл; 
2. авторитарлық (əміршіл) тəсіл; 
3. ымырашыл тəсіл. 
Басқару ісіндегі демократияшыл тəсіл бойынша ұжымды басқару ісі көпшілік талқысына 
салынып, тиісті шешім мен бұйрық сонан кейін ғана қабылданады. 
Басқару ісінде ымырашыл жетекшінің іс-əрекетінде бір жағынан алғанда, тұрақсыздық 
пен бей-берекеттік орын алатын болса, ал екінші жағынан қарағанда, ондай жетекшінің 
жұмысты ұйымдастыруға қабілетсіз екнін көрсетіп, əрбір іске немқұрайлы қарайды. 
 Менеджердің іс əрекетіндегі басқармалық ықпал. 
Өз қол астындағыларға мақсаттылы, əрі тиімді түрде ықпал етудің жалпы потенциялды 
қабілеті үш блок білімдерді меңгерудің нəтижесінде қалыптасады: 
- Басқармалық ықпалдың мазмұны мен спецификасы туралы білімдер. 
- Психологиялық ықпалдың негізгі тəсілдері туралы білімдер. 
- Ықпал етілетін адамдардың индивидуалды ерекшеліктері туралы білімдер. 
Ықпал етудің екі деңгейін бөліп көрсетеді: когнитиві жəне эмоционалды. 
Негізгі ықпал етудің тəсілдері: Иландыру, еліктеу, сендіру. 
Менеджерлердің тұлғасы мен оның іс əрекетінің индивидуалды стилі. 


Менеджерлердің жеке адамдық қасиеттерін зерттеудегі психологияда басқару мен 
жетекшілік ету (лидерлік) мəселелері бөлінеді.Басқару мен лидердің қасиеттері бір 
адамның бойынан табылған кезде, идеалды вариант алынады. Басқарушы – лидер: 
қиыншылықтар мен мəселерді қабылдай алу қабілеті, ұйымдастырушы бола білу, 
сезгіштік пен көрегендік, өзін -өзі көрсете білу ыңғайы, эмоционалды – психологиялық 
ықпал ете алу, оптимизм қасиеттерімен сипатталады. 
Басқару стилі – бұл басқарушының өзіне тəн басқару жүріс – тұрысына əкелетін 
тəсілдер, əдістер, ықпал ету формаларының тұрақты жүйесі. Басқарудың классикалық 
3стилін атап көрсетеді: авторитарлық – күшпен бағындырушы əдістермен басқару. 
Демократиялық, яғни бірлесе отырып талқылау мен шешім қабылдау. Бос жіберушілік
яғни шын мəніндегі басқару жоқ, формальды түрде ғана бар. 
Менеджердің іс əрекетіндегі топтық құбылыстар мен процестерді басқару. 
Əлеуметтік ұйым басқаруда құрылым жəне жүйе ретінде қарастырылады. Ұйым – іс-
əрекеті саналы түрде бірлескен іс-əрекетті тəртіптеу үшін жəне ортақ мақсаттарға жету 
үшін басқару субъектісімен координацияланатын индивидтердің бірігуінің спецификалық 
формасы. Мұның барлығы топтық динамика. Топтық динамика – бұл ұйымның 
тіршілігінің бүкіл циклін сипаттайтын топтың ішіндегі əлеуметтік – психологиялық 
процестер мен құбылыстардың жиынтығы мен ондағы жүріп жатқан психологиялық 
өзгерістер; бұл жекеленген, сонымен бірге топтық мүдделер мен қажеттіліктерді 
қанағаттандыру мақсатында өзара тəуелділік пен өзара ықпал ету негізіндегі ұйым 
мүшелерінің өзара əрекеттесу процесі. Топтық динамика келесі құбылыстар мен 
процестерде көрінеді: басқару мен лидерлік, топтық шешімдерді қабылдау, топтық 
нормалар мен құндылықтарды жасау, жұмылу, топтық қысым, қақтығыстар жəне т.б. кез 
келген топ өзінің даму барысында бірнеше сатыдан өтті: 1)танысу, 2)жанжал, 3)жетілген 
топ, ыдырау немесе жаңа сапаға өту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет