Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де
мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары
маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана
емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру
үшін де пайдаланады. рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне
қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:
• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;
• жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;