Мұғалімнің аты-жөні:
|
Ибраева Гульнара Жақсылыковна
|
Пән/Сынып:
|
2 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3 апта, 12 –ші сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Сөз құрамы.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Түбір мен қосымша.
|
Оқу мақсаты:
|
2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
2.4.2.1 мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
|
Бағалау критерийі:
|
Жеке тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Тақырып, мақсаттармен таныстыру
|
Не меңгеретінін білу үшін
Түбір мен қосымшалы сөздерді салыстыру. Мағыналарының әртүрлі екенін аңғару.
2. Әр сөзге сұрақ қою арқылы мағынасын аңғарту.
|
|
Презентация № 1бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру...............
Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
Оқылым:
1 – тапсырма:
Өлеңді оқып, шешуін тап.
Екі жағым «Н» болса –
Қасиетті тамағыңмын.
Екі жағым «А» болса –
Ең қадірілі адамның.
Мүбәрак Жаманбалинов
Жазылым:
2 - тапсырма
Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз. Түбір сөздерді тап.
Сырғанап ойнау – өте пайдалы. Жиі сырғанап жаттыққан жөн. Ондай бала көп ауырмайды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Ережені еске түсіру
Дискриптор:
1.Өлеңді оқиды.
2.Шешуін табады.
Дискриптор:
1.Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады.
2.Түбір сөзді табады.
|
|
Презентация № 2бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
3 – тапсырма.
Өлеңнің қатесін тауып, көшіріп жаз.
Жазда суда тебеміз,
Құмда күнде денеміз.
Жалаңаяқ жүземіз,
Қыста қызып күйеміз,
Коньки, шаңғы жүреміз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Ермек Өтетілеуұлы
|
Дискриптор:
1.Өлеңнің қатесін табады.
2.Дәптерге көшіріп жазады.
3.Түбір сөзді табады.
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация № 3бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
4 – тапсырма.
Берілген әріптер қатарында жасырынған сөздерді тауып оқы.
ШАБАСКЕТБОЛҚФ
ТРЕБАССЕЙНЗФК
БОКСШЫПАНСКТЕ
ҢІЮШАКЖҮЗГІШГ
|
Дискриптор:
1.Әріптер қатарында жасырынған сөздерді табады.
2.Тапқан сөздерің туралы айтады.
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация № 4бет
|