Бастау, батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан ағып шығатын жылғалардан басталады. Өзеннің басқа бір өзенге, көлге, теңізге құятын жері өзеннің сағасы



бет2/2
Дата23.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#59177
1   2
Байланысты:
8 кл тапсырма 25.11.22ж.

Мұздықтар қар суынан пайда болады. Егер қар еритін мөлшерінен артық түсетін болса, ол жинақталып нығыздалады да, мөлдір, көгілдір мұзға айналады. Қазіргі кезде құрлық ауданының шамамен 11%-ға жуығы мұздықтармен жабылған. Мұздық – құрлықтағы табиғи қозғалыспен жинақталуы. Мұздықтардың пайда болуының басты екі факторы – бұл жер бедері және климат. Климаттың әсері – температура төмен, жауын-шашын мөлшері көбірек болған сайын мұздықтардың түзілу мүмкіндігі артады. Қар жиегінің биіктігі географиялық ендікке, аумақтың климат жағдайларына, беткейлердің бағдарына байланысты. Қазақстанның мұздықтары 2500 м биіктен жоғары басталады. Ірі мұздық – Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Корженев мұздығы – аса ірі мұздық. Оның ұзындығы – 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560м биіктікте орналасқан, ауданы – 38,0 км², жалпы көлемі – 6,32 км³. Аңғарлық мұздығының қалыңдығы – 50-100 м.
Жер қыртысының жоғары қабаттарына сіңген сулар құрлықтағы жерасты суларын құрайды. Олардың пайда болуы жауын-шашынмен тығыз байланысты. Жерасты сулары, әдетте, су өткізгіш қабатта жинақталады, олар су өткізбейтін қабатпен кезектесіп келеді. Жерасты суларының қысымсыз грунт сулары және қысымды артезиан сулары деп аталатын түрлері бар. Құрамындағы еріген тұздар мен минералдардың мөлшері бойынша ащы су, арасан су және тұщы су болып бөлінсе, сондай-ақ қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, қысым күшінің мөлшеріне қарай қалқыма, грунт және артезиан сулары болып, үш топқа бөлінеді.
Құрлық суларының көпшілігі атмосфералық сулар (жаңбыр суы, қар, т.б.) есебінен құралады. Олар құрлық суларын қоректендіреді. Атмосфералық сулардың құрамында минералды тұздар өте аз кездеседі. Құрлық суларының Дүниежүзілік мұхит суынан ерекшелігі – олар тұщы және ішуге жарамды. Оларда да тұз бар, өйткені суда ағып өтетін тау жынысы ериді, бірақ өзендер мен көптеген көлдердің суларында 1 л-де 1 г-нан аз тұз бар. Дүниежүзілік мұхитпен салыстырғанда құрлық суы гидросфераның 3%ын алып жатыр.
Адамзат қоғамы да ерте кездерден бері өзінің шаруашылық әрекеті арқылы өзендерге елеулі түрде ықпал етуде. Құрлық сулары шаруашылықтың, өнеркәсіптің барлық түрінде қолданылады. Өзен суы энергия көзі, балық шаруашылығы, суармалы егіншілікке қолайлы. Себебі, өзен аңғарларының топырағы құнарлылығымен ерекшеленген. Адамзат тарихындағы алғашқы өркениеттер мен қалалар, мәдениет ошақтары өзен бойларында пайда болған. Ежелгі төрт ұлы өркениет – Мысыр, Месопотамия, Үндістан, Қытай өркениеттері өзен жағаларында дамудың шырқау шегіне жеткен. Қазіргі кездің өзінде аса ірі қалалардың, өнеркәсіп орталықтарының көпшілігі, сондай-ақ аса маңызды ауыл шаруашылығы алқаптары өзен бойларында орналасқан.
Тапсырмалар
1.Өзеннің басқа бір өзенге, көлге, теңізге құятын жері

  1. саға

  2. бастау

  3. сала

  4. арна

  5. аңғар

2. Әріптерді сәйкестендір.








булану 




ылғалдың жылжуы




ылғал




өзен




жер асты сулары

3. Сандар мен атауларды сәйкестендір.








Бастау






Өзен жүйесі






Саға






Суайырық




Сала

4. «Өзен – өзен алабы» бойынша сәйкестендір.





Өзен атауы






Өзен алабы

1

Ертіс




А

Тынық мұхиты

2

Миссисипи




В

Солт. Мұзды мұхит

3

Амур




С

Үнді мұхиты

4

Ганг




D

Ішкі алап

5

Волга




F

Атлант мұхиты

5. Өзендер мен оның салаларын сәйкестендір:

Өзендер

салалары

1

Ганг


Миссури

2

Миссисипи


Ертіс

3

Обь


Брахмапутра

6. Картада берілген сандармен атауларды сәйкестендір.






Атаулар




Сандар

А. Каспий теңізі




1

В. Обь өзені




2

С. Лена өзені




3

D. Байкал көлі




4

F. Волга өзені




5

G. Амур өзені




6

7. Суреттен тұщы көл(дер)ді анықта. 



8. Жер асты сулары орналасатын қабаттарға тән жыныстарды сәйкестендір:

Су өткізбейтін жыныстар


«А»

1

Құм




Су өткізетін жыныстар


«Б»

2

Базальт




3

Саз




4

Гранит




5

Жарылған мәрмәр



9. Мемлекеттерді анықта.


Ішкі сулардың таралуы әртүрлі болуына байланысты сумен толық қамтамасыз етілген мемлекеттер және суға зәру мемлекеттер болып бөлінеді.
Суға зәру Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерін анықта.





  1. Катар

  2. Сомали

  3. Пәкістан

  4. Кувейт

  5. Бангладеш

  6. Ресей

  7. Оман

  8. Үндістан

10. Мәтінмен танысып, сұраққа жауап бер.
Елімізде қазіргі кезеңде шешімі табылмай отырған мәселелердің бірі –экологиялық мәселелер. Соның бірі Арал теңізі алабымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы шаруашылыққа Әмудария мен Сырдария өзендерін тиімсіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы таязданып, құрғай бастады, айналасындағы жерлер өмір сүруге қолайсыз сор шөлге айналды. Арал теңізінің түбіндегі тұздар ауаға таралып, адамның тыныс жолы ауруларының пайда болуына әсер тигізді.
Арал теңізі суының таяздануына әсер еткен факторлар.

  1. Антропогендік 

  2. Климаттық 

  3. Биологиялық

  4. Химиялық

  5. Физикалық

  6. Дефляция

  7. Ауылшаруашылық

  8. Өнеркәсіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет