«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік



Pdf көрінісі
бет151/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   196
Байланысты:
edu kk

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік
(ҚР КК 10-бап)
1. Мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс.
2. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын 
шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мін-
детті.
3. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпа-
рат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қол-


193
жетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдай-
ларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі.
4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен та-
лаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуы тиіс.
Басқаша айтқанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шеңберінде сіз биз-
несіңізді жүзеге асыруды қажет ететін ақпаратты уәкілетті мемлекеттік орган-
ның (рұқсат беру үшін жауапты) тегін және заңнамада көзделген мерзімдерде 
ұсынуын талап ете аласыз!
Жеке кәсіпкерліктің субъектілері бірдей құқықтарға ие, атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кез келген 
жеке кәсіпкерлік түрін жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдала-
ну арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен филиалдар 
мен өкiлдiктердi құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды 
қоспағанда, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бағаларын дербес 
белгiлеуге;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтелетін негізде қаражат (қарыз) беруге;
6) оның құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асы-
руға;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы са-
раптама кеңестерінің жұмысына қатысуға;
9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға жауапты адамдарды 
жауапқа тарту жөнiндегi қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау 
және мемлекеттiк органдарға жүгінуге;
10) өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот билiгiне жү-
гiнуге;
11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк 
құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалуына ықпал ететiн 
себептер мен шарттарды жою туралы мемлекеттiк органдардың қарауына ұсыны-
стар енгiзуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске 
асыруды арқылы немесе оның қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі 
жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет