«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ЖК қызметін қайта бастау тәртібі



Pdf көрінісі
бет150/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   196
Байланысты:
edu kk

ЖК қызметін қайта бастау тәртібі
Қызметті тоқтата тұру кезеңінде ЖК-да өз қызметін қайта бастау қажеттігі 
туындаса, ол қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан 
жеріндегі салық органына салық есептілігін ұсынуды қайта бастау туралы са-
лықтық өтінішті ұсынады. Бір мезгілде ЖК-да кезекті салық есептілігін ұсыну қа-
жеттігі туындайды. 
Мысалы, ЖК Исаев 2018 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 1 наурызға 
дейін қызметті тоқтата тұруға рұқсат алды. 2018 жылдың тамыз айында ол өз қыз-
метін қайта бастау туралы шешім қабылдап, салық органына қызметті қайта бастау 
туралы өтініш берді. ЖК-да 2018 жылғы 2-жартыжылдыққа 910.00 нысаны бойын-
ша декларацияны тапсыру міндеттемесі туындайды. 
Патент негізінде жұмыс істейтін ЖК да патент құнының есеп-қисабын ұсыну 
арқылы қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін оны қайта бастауы мүм-
кін, бұл жағдайда ол патент құнының есеп-қисабын ұсыну күнінен бастап қызметті 
қайта бастады деп есептеледі. 
Енді біз кәсіпкерлерге салық салудың негізгі аспектілерін біле отырып,
«Бизнесті құқықтық сүйемелдеу» 10-модуліндегі бизнесті жүргізудің құқықтық 
аспектілерімен танысамыз.


192
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
10-МОДУЛЬ. БИЗНЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ
10.1. Кәсіпкерлер құқығы
10.2. Рұқсат беру жүйесі: ШОБ саласын реттейтін рұқсаттар, лицензиялар, 
ережелер мен стандарттар
10.3. Негізгі заң құжаттарын (шарттар, келісімдер, мәмілелер және т.б.) толтыру 
қағидалары, негіздері
10.4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру
10.5. Қызметкерлерді басқару. Еңбек шарттары
10.1. КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ
Ең алдымен, бизнеспен айналысу кез келген жағдайда сіздің қызметіңізге қа-
тысты шығындармен байланысты екенін еске ұстау керек. Мұндай шығындарға 
мыналар жатады: рұқсаттар мен лицензияларды алу, хабарламаларды беру, бизнес 
жүргізу ережелерін сақтау, мемлекеттік органдарға ұсынылатын мерзімді есеп-
терді рәсімдеу, келісімшарттар жасау, келісімдер жасау, орындалатын жұмыстар 
туралы куәліктер және т.б.
Мемлекет талаптарын сақтай отырып, өз ісіңді қалай іске асыруға болады?
Кәсіпкерлікті іске асырудағы сіздің СҮЙЕНЕР БАСТЫ ҚҰЖАТЫҢЫЗ ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ болып табылады (2015 жылғы 29 
қазандағы №375-V ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексі).
Кәсіпкерлік ұғымы және оны құқықтық реттеудің шектері (2-бап. Қазақстан 
Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – ҚР КК))
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, 
тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза 
кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық 
жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік 
кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табы-
лады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік 
жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ осы Кодекстің 10-бабында былай делінген (есте сақтаңыз): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет