«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Әрі қарай, екінші нұсқа, егер сізге рұқсат



Pdf көрінісі
бет157/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   196
Әрі қарай, екінші нұсқа, егер сізге рұқсат керек болса, қызметтің лицензияла-
натын түрлері үшін 1-5 қадамдарда көрсетілген сәйкес мысалдарға сүйеніңіз.
Үшінші нұсқа, егер сізге мемлекеттік органды хабардар ету керек болса, онда 
мына мысалға жүгініңіз:
Хабарламаны egov.kz арқылы меморганға енгізуге болмайды, өйткені онда он-
дай мүмкіндік жоқ (әзірше).
Яғни, жауапты меморганға тікелей жүгінуге немесе тапсырыс хатпен хабарлама 
жолдауға болады (хабарламаны енгізу мерзімі мен күнін ескеру маңызды).
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды 
қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жү-
зеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» атауымен НҚА қолда-
намыз.
Біз, мысалы, наубайхана үшін хабарламаны жазамыз, НҚА-да көрсетілген үлгі-
де №13, 31 хабарламаларын қолданамыз:


199
МАҢЫЗДЫ!
Есте САҚТАҢЫЗ, әдетте, сіздің бизнесіңізді тіркеген сәттен бастап сізге 10 күн 
ішінде хабарлама енгізу қажет.
Хабарламаны енгізген сәттен бастап, сіз мемлекеттік мекемеден қызмет көр-
сетудің бекітілген мерзімінде жауап күтесіз – Мемлекеттік орган «Жеке және заң-
ды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚРЗ сәйкес нормаларға жүгінуі 
мүмкін (2007 жылғы 12 қаңтардағы №221)
8-бап. Өтiнiштi қарау мерзiмдерi
1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жер-
гiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның 
өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он 
бес күн iшiнде қаралады. 
Алайда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпан-
да №10194 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының 10-тармағына сәйкес жауап алу мерзімі 
жұмыс күнін құрайды.
10-тармақ. Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдау-
ды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өтініш берілген күннен бастап үш жұ-
мыс күні ішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік 
электрондық тізбесінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзін-
ді көшірмелер береді.
Егер мемлекеттік орган себептерге байланысты көрсетілген 3-15 күн ішінде 
сізге келісім-жауап немесе бас тарту жауабын бермеген болса, онда сіздің хабар-
ламаңыз ресми түрде қабылданған болып шығады, бұл Кәсіпкерлік кодексінде 
көрсетілген.
Жалпы алғанда, бұл рәсімдер өте қарапайым және ыңғайлы әрі кәсіпкердің 
өмір сүруін жеңілдетеді, сіздің қолыңыздан келеді.
10.3. НЕГІЗГІ ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫН (ШАРТТАР, КЕЛІСІМДЕР, 
МӘМІЛЕЛЕР ЖӘНЕ Т.Б.) ТОЛТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ, НЕГІЗДЕРІ
Заң құжаттарын мейлі ол шарт немесе келісім немесе жай ғана ілеспе құжат 
болсын, қалай дұрыс толтыруға болатыны туралы сөз қозғайық.
Маңыздысы сіз бұл құжаттарды ҚАЛАЙ дайындайсыз.
Шарт – бұл төмендегі белгілермен сипатталатын келісім:
- шарт – бұл әрдайым жігер мен қайратты талап ететін акт, яғни адамдардың 
іс-қимылын;
- бұл заңды іс-қимылдар;
- шарт азаматтық-құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына немесе 
өзгеруіне арнайы бағытталған;
- шарт азаматтық-құқықтық қатынастарды тудырады, себебі шарт жасасу нәти-
жесінде туындайтын құқықтық салдарлар нақ азаматтық заңмен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет