«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


«Электрондық Үкімет» веб-порталы



Pdf көрінісі
бет169/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196
Байланысты:
edu kk

«Электрондық Үкімет» веб-порталы
Сіз азамат ретінде немесе кәсіпкердің мемлекеттік қызметін (кәсіпорынды тір-
кеу/қайта тіркеу, түрлі анықтамалар алу, есептілікті тапсыру және т.б.) алу рәсімін 
жеңілдету үшін электрондық Үкімет порталы – www.egov.kz жұмыс істейді. 
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде порталда сіз некені тіркеуге 
өтінішін беруге, балаңызды балабақша кезегіне қоюға, жәрдемақы тағайындау 
үшін құжаттарын тапсыруға және көптеген басқа да іс-әрекеттерді орындауға бо-
лады.
Бірақ бұл жағдайда бізді порталдың кәсіпкерлерге беретін мүмкіншілігі қы-
зықтырады. Егер сіз бизнес ашқыңыз келсе, онда порталда сіз мынадай әрекет-
терді жасай аласыз:
1. Өзіңіздің бизнесіңізді тіркей аласыз;
2. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама аласыз;
3. Қазақстандағы лицензиялау, кедендік қызметтер және тауарлар экспорты/
импорты туралы пайдалы ақпаратты таба аласыздар;
4. Өз қызметіне электрондық лицензия алуға өтінім беру және т.б.
Бұл ретте сіз мемлекеттік қызметтерді:
- компьютер және интернет жүйесіне қосылу болған жағдайда – www.egov.kz 
мекенжайы бойынша;
- EGOV мобильдік қосымшасы арқылы (AppStore/Play market-те тегін);
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алсыз.


217
Бірақ Портал қолданушысы болмай тұрып алдымен:
1. Порталда тіркеу процедурасынан өту;
2. Электрондық қолтаңбаны немесе ЭЦҚ-ны алу.
Егер сіз ЭЦҚ не үшін керек деп сұрасаңыз, жауап өте қарапайым, ақпараттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жасалатын операциялар заңдылығы үшін керек. 
ЭЦҚ-ны екі әдіспен алуға болады (қалауыңызша):
1. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәлік чипіне жазу. Бұл үшін сізге жеке куәлікті 
ұсыну арқылы жақын орналасқан ХҚКО жүгіну керек. Одан әрі жеке куәлікке жа-
зылған ЭЦҚ-мен жұмыс, арнаулы карт-ридер болған жағдайда мүмкін. Бұл туралы 
толығырақ сіз «электрондық үкімет» веб-порталынан білесіз.
2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау. Бұл жағдай-
да да сізге берілген өтінімді растау үшін ХҚКО-ға жүгіну керек. Онлайн-өтінімді 
беру рәсімі төменде көрсетілген (1-қадам – нұсқаулықпен танысу және бағдарла-
малық қамтамасыз етуді орнату, 2-қадам – онлайн-өтінімді беру, 3-қадам – он-
лайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу) үш қадамнан тұрады. 
ЕСІҢІЗДЕ болсын, сайтта ЭЦҚ-ны орнату жөніндегі нұсқаулықты таба аласыз. 
Мысалы, сіз ЭЦҚ-ны алдыңыз және орнаттыңыз делік, енді «электрондық үкімет» 
порталында қадамдық тіркелуді жүргізіп көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет