«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет168/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   196
Байланысты:
edu kk

Ашық деректер – бұл алаңда мемлекеттік органдардың және машинамен оқы-
латын түрдегі ақпараттың басқа да иелерінің жалпыға қолжетімді деректері орна-
ласады. 
Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) – әзірленетін заң жобаларын, мем-
лекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын 
талқылауға арналған бірыңғай алаң. 
Ашық бюджеттер – бірінші кезекте мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы 
азаматтардың түсінігін жеңілдету үшін және бюджет қаражатының жұмсалуына 
қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициясын дамытуға жәрдемдесу 
үшін құрылған портал.
Ашық диалог – мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байла-
нысты орнатуға арналған алаң.
Сұрау салуға қол қоюдың екі жолы бар.
- ЭЦҚ көмегімен
- SMS-код арқылы – өтінімді жібергенде, сіз электрондық үкімет порталында 
тіркелген телефон нөміріне SMS-хабарлама ретінде жіберілетін кодты толтыру 
арқылы өтінімнің сізге тиесілі екендігін растауыңыз керек (SMS-хабарлама алу 
тегін).
Электрондық үкімет порталында авторизациядан өту
Келесі мүмкіндіктермен авторизациядан өтіп, жүйеге кіру керек:
1. SMS арқылы кіру – біржолғы парольмен. ЖСН, ұялы телефон нөмірі көр-
сетіледі және SMS-хабарламамен алынған растау коды толтырылады.
2. ЭЦҚ бойынша кіру. Алынбалы тасымалдағышта немесе дербес компьютер-
де ЭЦҚ орналастыру жолын көрсете отырып сертификат таңдалады немесе жеке 
куәлік көрсетілген (кілттің орналасқан жеріне байланысты) көрсете отырып таңда-
лады. Авторландыру «AUTH ***» ашық кілтімен жасалады.
3. Логин/пароль арқылы кіру. Электрондық үкімет порталында қолданыстағы 
тіркеуден өткен кезде, алдын ала белгіленген логин мен пароль арқылы кіру мүм-
кін. Қызметтерді алу үшін ЭЦҚ немесе SMS арқылы авторизация қажет. 
4. SIM картамен кіру. SIM картаңызда ЭЦҚ болса, ЖСН және ұялы телефон 
нөмірін көрсету қажет.


216
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
11.2. ЭЦҚ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ, ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ 
ПОРТАЛЫ, ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫ 
(WWW.PKI.GOV.KZ ЖӘНЕ WWW.EGOV.KZ)
Электрондық үкімет egov.kz порталы – мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ 
мемлекеттік органдардың бір-бірмен өзара қарым-қатынасының бірыңғай меха-
низмі, мұнда ақпараттық технологиялар көмегі арқылы олардың өзара келісуін 
қамтамасыз етеді. Портал қызметті пайдаланушыларға үйде, жұмыс орнында, ин-
тернет қосылатын кез келген жерде онлайн-режимде автоматтандырылған мемле-
кеттік қызметтердің 400-ден астам түрін алуға мүмкіндік береді.
Порталда көп ізделетін қызмет электрондық анықтамалар болып табылады:
• мекенжай анықтамасы;
• соттылығының бар/жоқтығы туралы анықтама;
• жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген 
құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама; 
• жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама;
• Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет