«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің төмендегідей түрлері



Pdf көрінісі
бет73/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   196
Байланысты:
edu kk

ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің төмендегідей түрлері бар: 


86
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығы) 
өндіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін, 
аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығы), сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикі-
затын тұтынатын тауарларды өндіруге және қайта өңдеуге бағытталған.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығы) 
қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін, 
аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығын) және оларды кейіннен сатылатын 
көтерме және/немесе бөлшек сауда жүйесі арқылы және кооперативтің қауымдас-
тырылған мүшелерінің сауда жүйесі (бар болса) арқылы өңдеуге бағытталған.
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығын) 
өткізу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне жинау, дайындау, сақтау, 
сұрыптау, кептіру, шикізатты жаңа және (немесе) өңделген түрінде сату, сондай-ақ 
кооператив мүшелері және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативі өздері шыға-
ратын ауыл шаруашылығы өнімдері, аквадақыл өнімдері (балық шаруашылығы), 
маркетингілік қызмет пен тасымалдау қызметтері жатады. 
4. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және мате-
риалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау бойынша қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі кооператив мүшелерін жа-
нар-жағармай материалдары, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтер 
(улы химикаттар), ветеринарлық құралдар, жемшөп, ауыл шаруашылығы техни-
касы және технологиялық жабдықтар, қосалқы бөлшектер, құрылыс және басқа 
да құрылыс техникалары сияқты қажетті өндіріс құралдарымен және материал-
дық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет