«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары



Pdf көрінісі
бет14/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласын-
дағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микро-
кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:
• ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) 
және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамы-
ту үшін – 5,0 мың АЕК-ке дейін;
• қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан 
басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;
• Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды;
4) ЕДБ/МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит 
бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды 
және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кре-
дитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдар-
ды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комисси-
ялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері «АШҚҚҚ» АҚ 
қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуі тиіс;
5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қара-
мастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит 
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта 
және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі 
бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспай-
тын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
7) МҚҰ/КС/ЕДБ/«АШҚҚҚ» АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кре-
дит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жо-
баларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт 
көрсетіледі;


24
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту са-
ласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекен-
дерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру 
қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша ай-
қындалады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асы-
ратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кре-
диттер/микрокредиттер беру тетігі:
1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен 
елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары 
бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талап-
тарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту ор-
талықтарына жүгінеді;
2) микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курста-
рынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және қызығушылық та-
нытқан үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші 
бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
3) халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек нарығы» ААЖ-да тексеру 
нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар 
(микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді 
дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микрокредит беру қағидаларын-
да көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған 
өтінішпен МҚҰ/КС/ «АШҚҚҚ» АҚ-ға жіберіледі;
4) МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/ 
микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді 
және шешім қабылдайды;
5) МҚҰ/КҚ/«АШҚҚҚ» АҚ шағын несие берілген күннен бастап, тоқсан күн ішін-
де микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын бақылайды. Микрокредиттерді ны-
саналы пайдалану туралы есеп тоқсан сайын жүзеге асырылып отырады, шағын не-
сие беру туралы ережелерде белгіленген нысан бойынша, есепті кезеңнен кейінгі 
10-күнге дейінгі мерзімде шағын несиелік МҚҰ/КС ұйымына ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет