184
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• сәуірде – 1500 000 теңге;
• мамырда – 1 000 000 теңге;
• маусымда – 1 100 000 теңге.
ЖК-ның өзіне салық есептеу (жұмыскерлерді есептемегенде):
- есептелген салық сомасы: 7 000 000 × 3% = 210 000 теңге;
- бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасы: 210 000 × 0,5 = 105 000 теңге;
- есептелген әлеуметтік салық сомасы: 105 000 теңге;
МЗЖ-ны есептеу:
ЖК Исаев МЗЖ-ны есептеу үшін өзі алатын кірісті әр айға 50 000 теңге мөл-
шерінде белгіледі, сондықтан, бір айға МЗЖ 50 000 × 10% = 5 000 теңгені, бір
жарты жылдыққа 5 000 × 6 = 30 000 теңгені құрайды.
Әлеуметтік аударымдар (ӘА) мөлшері I жартыжылдыққа 50 000 × 3,5% = 1750
× 6 = 10 500 теңгені құрады.
ӘС сомасы 105 000 – 10 500 = 94 500 теңгеге тең.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖК Исаев тіркеу есебіне қойылған
жері бойынша салық органына 15 тамыздан кешіктірмей 910.00 нысаны бойынша
декларацияны ұсынуға және 25 тамыздан кешіктірмей барлық салықтарды, атап
айтқанда 105 000 теңге сомасында ЖТС, 94 500 теңге сомасында әлеуметтік са-
лықты, 30 000 теңге сомасында МЗЖ, 10 500 теңге сомасында ӘА-ны төлеуге мін-
детті.
910.00
нысанында ЖК-ның өзіне де, жалдамалы жұмыскерлер болған кезде
оларға да
ЖТС пен ӘС, ӘА мен МЗЖ төлемдері көрсетіледі.
Мысалы, ЖК Исаевта 1 жалдамалы қызметкер бар. Бір айда жұмыскердің кірісі
– 50 000 теңге.
ЖК-нің өзіне және жалдамалы жұмыскерге салықтарды есептеу:
есептелген салық сомасы: 7 000 000 × 3% = 210 000 теңге;
бюджетке төленуге жататын ЖТС сомасы: 210 000 × 0,5 = 105 000 теңге;
есептелген әлеуметтік салық сомасы: 105 000 теңге;
ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге МЗЖ-ны есептеу.
ЖК Исаев МЗЖ-ны есептеу үшін әр айға өзі алатын кірісті 50 000 теңге және
жұмыскер үшін 50 000 теңге мөлшерінде белгіледі.
Сондықтан ЖК-ның өзі мен жалдамалы жұмыскер үшін бір айға МЗЖ 100 000
× 10% = 10 000 теңгені, бір жартыжылдыққа 10 000 × 6 = 60 000 теңгені құрайды.
ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге әлеуметтік аударымдар (ӘА) мөл-
шері бір жартыжылдыққа 100 000 × 3,5% = 3500 × 6 = 21000 теңгені құрады.
ӘС сомасы 105 000 – 21 000 = 84 000 теңгеге тең.
Жұмыскерлердің кірісінен ұсталынатын ЖТС мөлшері 50 000 теңге – 5 000
(МЗЖ) – 28284 (1 ЕТЖМ) = 16716 × 10% = 1 672 теңге құрайды.
Жалдамалы жұмыскер үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
(МӘМС) мөлшері 50 000 теңге × 1,5% = 750 теңгені құрайды.
I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖК
Исаев өзіне және жұмыскер
үшін 105 000 теңге сомасында ЖТС, 84 000 теңге сомасында әлеуметтік салықты,
60 000 теңге сомасында МЗЖ, 21 000 теңге сомасында ӘА, жұмыскердің кірісінен
ұсталынатын 1 672 теңге сомасында ЖТС, 750 теңге сомасында МӘМС төлеуге мін-
детті.
185
910.00 нысанында ЖК-ның өзіне және жалдамалы жұмыскерге ЖТС пен ӘС, ӘА,
МЗЖ мен МӘМС төлемдері көрсетіледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЗЖ, ӘА мен МӘМС төлемін ЖК ай сайын айдың 25-інен
кешіктірмей төленеді.
Бұдан басқа, Исаев ЖК қызметтерді қолма қол ақшамен де, қолма қол ақша-
сыз да көрсететін болғандықтан, фискальды жады бар бақылау-касалық аппаратты
қолдануы, әрі қолданылатын орны бойынша салық органында тіркеуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: