Төлеушілер: Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
Салық салу объектілері Мыналар жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) жеке тұлғаның дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі.
Стандартты шегерімдер 1. Мыналар стандартты шегерімдер болып табылады:
1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс; 2) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II немесе III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.
Жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болған жағдайда, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;
3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
154-бап.
3) осы тармақшаны қолдану күніне мұндай адамның:
он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
өмір бойына әрбір осындай адам үшін – "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала асырап алушылардың бірі;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері.
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерім
Медицинаға арналған салықтық шегерім
Сыйақылар бойынша салықтық шегерім
Жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау
1. Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның және резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлға дербес салық салуға жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлға кірісі,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.