«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет147/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196
Байланысты:
edu kk

Әлеуметтік салық бойынша
Салық кодексіне сәйкес ЖК әлеуметтік салықты өзі үшін 2 АЕК, ал әр жалдама-
лы қызметкер үшін 1 АЕК мөлшерінде есептейді
Міндетті зейнетақы жарналары
Есептеу объетісі болып:
Жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер үшін, мін-
детті зейнетақы жарналарын есептеу үшін ай сайынғы табыс 75 еселенген АЕК-ден 
аспауы керек (2018 жылға – 2 121 300 теңге);
ЖК өзі үшін – алынған кіріс, яғни өздерінің пайдасына МЗЖ-ны есептеу үшін 
өздері анықтайтын сома. Зейнетақы аударымдары ай сайын есептеледі және төле-
неді. 
Қызметкерлер үшін МЗЖ қызметкердің ай сайынғы кірісінің 10% мөлшерінде 
есептеледі. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданған ай сайынғы кіріс осы жыл-
дағы 75 еселенген АЕК-тен аспауы керек.
Әлеуметтік аударымдар бойынша
Әлеуметтік аударымдар ай сайын есептеледі және аударылады.
ЖК мен жалдамалы жұмыскерге арналған әлеуметтік аударымдар ӘА есептеу 
үшін көрсетілген табыстың 3,5% құрайды.
ЖК үшін әлеуметтік аударымдарды оның пайдасына есептеу объектісі ретінде 
алынатын табыс болып табылады. 
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның алынатын табысы бойынша оның пайда-
сына есептелуі мақсатында өзі анықтаған сомасы танылады. Сонымен қатар әлеу-
меттік аударымдарды 10 еселік ЕАЖ-дан аспайтын мөлшерде ай сайынғы кіріс 
алынады.
Жалдамалы жұмыскерлерге әлеуметтік аударымдарды есептеудің объектісі 
орындалған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге табыс түрінде жұмыскерлерге 
төленетін жұмыс берушінің шығыстары болып табылады. Әлеуметтік аударымдар-
ды есептеу үшін ай сайынғы кіріс 10 еселік ЕАЖ-дан аспайтын мөлшерде қабыл-
данады.
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 
1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген, күнтізбелік ай үшін әлеуметтік ауда-
рымдарды есептеу объектісі ең төменгі жалақыдан аз болған жағдайда әлеуметтік 
аударымдар ЕТЖМ негізінде есептеледі және төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет