205
Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың
және қадағалаудың
жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау
және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге,
сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау
және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.
Кәсіпкерлік кодекспен мыналар белгіленеді:
1) бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді
жүргізу тәртібі;
2) тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара
әрекеттесу тәртібі;
3) бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықта-
ры және міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша
шаралар;
4) тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының және
олардың лауазымды тұлғаларының құқықтары және міндеттері.
Достарыңызбен бөлісу: