77
Кез келген компанияға, ол тауар өндірсе де, қызмет көрсетсе де немесе сатушы
мен тұтынушы арасында делдал болса да маңызды емес, қажеті – өз өтім нарығы-
ның болуы. Яғни, ұсынылатын өнімдеріне сұраныс пен өсуге әлеуеті бар компания-
ларда. Онсыз табысты бизнес құру мүмкін емес.
5.2. НАРЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Сату (өткізу) нарығына нарықтың сыйымдылығы сипаттамасы тән. Нарықтың
сыйымдылығы деп белгілі бір мерзім ішінде осы нарықта сатуға болатын тауарлар
мен қызметтердің көлемі түсініледі. Сату (өткізу) нарығының сыйымдылығы конъ-
юнктураға байланысты және ауыспалы болып табылады: конъюнктура артқанда,
яғни сұраныс өссе, өткізу нарығының сыйымдылығы артады және керісінше.
Өндіруші немесе сатушы өз тауарларын және қызметтерін ілгерілету мүмкіндік-
терін бағалағысы, сондай-ақ өсудің мүмкін болатын әлеуетін анықтағысы келгенде
зерттеу қажеттілігі туады. Техникалық ірі ойыншылар өздерінің сату нарықтарына
үнемі мониторингіні қажет етеді, әйтпесе тұтынушылық сұраныстың елеулі өзгеріс-
терін байқамай қалу қаупі бар.
Сату нарығынан сатылым көлемі, орташа баға деңгейі, сатудан түсетін түсім,
алынған пайда көлемі және т.б. байланысты. Ең алдымен, соңғы 3-5 жылда сату
нарығында өнімнің әрбір түрінің жағдайының динамикасын зерттеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: