72
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
талқылаулар орналастырылады. Мұндай контент коммерциялық сипат алады. Ком-
мерциялық форматтың мақсаты – сату.
• Қызығушылық бойынша формат. Мұндай қоғамдастықтар интернет сауданың
алаңын құрады. Мақсат – аудиториядан мүмкіндігінше әлеуетті клиенттерді тарту,
сосын ақырындап жарнама жариялап (орналастырып) отыру. Қалыптасқан ереже
бойынша, бастапқыда жазылушылар бұл топтың (қоғамдастықтың) компанияға
тиесілі екендігін де аңғармай да қалады. Тұтынушыларды топқа музыка, бизнес,
сән әлемі, аспаздық туралы маңызды да пайдалы контенттерімен бөлісе, жариялай
отырып тартады.
• Аралас формат. Мұнда компания пайдалы тақырыптық контент пен ком-
мерциялық контенттерді мезгіл-мезгіл араластырып жариялай отырып, сарапшы
ретінде қатысады. Егер де контент пайдалы, бірегей әрі өзекті болса, онда сіздің
беделіңіз сарапшы ретінде күрт көтеріледі. Демек аудиторияның ниеттестігі де
артады. Сіздің пікіріңізге сенеді, кеңестеріңізге құлақ асады, ең бастысы жүргізіп
отырған маркетингілік брендпен байланысты болмақ. Кәсіби құзыреттілік деңгейі
– сауда жасауда шешім қабылдауға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі. Топтың
әкімшілері (админ) бірыңғай коммерцконтент ішпыстырып, теріс әсер беретінін
біледі. Сондықтан брендті ескере отырып, мүмкіндігінше бизнеске тиімді де пай-
далы ақпарат беруге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: