26.Бастауыш мектептегі қазіргі білім берудің мазмұны Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. Қазіргі кезде заман талабына сай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілеті мол тұлға қажет. Ондай тұлға жалпы орта білім беру арқылы, немесе мектеп арқылы даярланады.
Достарыңызбен бөлісу: |