Бастауыш мектеп дидактикасы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет2/75
Дата23.01.2022
өлшемі88,19 Kb.
#24213
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару. Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын ешқандай әдістемесіз енгізуі.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.

Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.


Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер ескерілді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандартын 1998/99 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік жинаңтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары, базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар жазылған.
2.Оқу жоспары

Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, матема-тика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет