49.Р.Штайнердің Вальдороф педагогикасы. 1919 жылы Германияда Рудольф Штайнердің жетекшілігімен жұмыс істейтін балалар мектебі ашылды. Штайнер философиясының негізі, вальдорф педагогикасының базалық аксиомасы – баланы интеллектуалды ынталандыруды толықтай теріске шығару.
Басты қағидалары:
Вальдорф педагогтарының пікірінше, баланың дамуына басты себепкер – анасымен қарым-қатынасы. Физикалық, эмоциялық, рухани тұрғыда да анасымен тығыз байланыста болуы. Ол омырау сүтінен, бала күтімінен, қолға көтеруден, мейірімнен, ойнаудан – барлығынан көрініс табады. Штайнер бала жасқа толғанша алған әсері емес, тыныштығы мен қорғалуы маңызды екенін алға тартады. Өз денесімен танысу, жақындарына бауыр басу, еңбектеу – міне қазір балаға керегі осы ғана. Нәресте әр жетістікке жеткен сайын оған көмек керек. Бірақ әңгіме мұндай ынталандыруда емес. Барлығының өз уақыты бар. Ата-ана баласын толықтай махаббатына бөлеп, оған үлгі болуымен көмектесе алады.