53.Оқытуды жекелендіру және дараландыру технологиясы. Дифференциация оқыту идеясы. «Жекелендіру» және «дифференциация» ұғымдары бірізгілікте қарастырылады. Олардың өзара қарым-қатынасы сипатында әрқилы көзқарастар бар: дифференция жекелендірумен байланысады; дифференциация құрамына жеке жағдай ретінде (ішкі дифференциация) жекелендіру енеді; дифференциация оқытудың жекелендіру құралы ретінде қарастырылады.
Оқытуды жекелендіру дифференциацияның мәнін, мақсатты бағыттылығын анықтайды.
Жекелендіру – оқыту процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, олардың тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып жағдай жасау,
Кәсіптік білім беруде қолданылатын оқытудың жекелендіру технологиясына мыналар жатады:
- модульді оқыту технологиясы, аяқталған блок-модульдердің ішіндегі жеке жолдарға оқытуға таңдауды қамтамасыз етеді, онда оқу материалының элементтері жүйе түрінде болады;
- ашық оқыту технологиясы — студенттерді жеке темпте, жекеше бағдарламалар бойынша оқыту.
Дифференциация – жеке оқыту үшін оқытылып отырғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оларды топтарға бөлу. Ол топтар бірқалыпты, салыстырмалы түрде бірқалыпты, ал жеке оқыту – тұрақты, уақытша екенін ескеруді ұмыстпаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |