6. Оқытуға арналған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: Абдуллина О. А. Жоғары педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
2. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В. Бондаревтың түзетуімен Ростов на Дону. 1995/
3. Педагогикалық шеберліктің негіздері/И.А. Зязюнаның түзетуінде – М, 1989.
Қосымша әдебиеттер: Симонов В.П. – Жеке тұлға мен педагогтың кәсіби шеберлігіне диагноз қою – М, 1999
Шевченко Л.Л. Практикалық педагогикалық этика
Коджаспирова Г.М. Педагогтың кәсіби білімін көтеру мәдентеті – М, 1994
Митина Л.М. Мұғалім қабілеті, дарыны, таланты – Л, 1985
Чернявская А.П. Мұғалім жұмысындағы педагогикалық техника –М, 2001
8. Оқытушы талабы. сабаққа кешікпеу;сабаққа белсенді қатысу;тапсырмаларды уақтылы орындау;шығармашылық тұрғыда іздену.
ДӘРІСТЕР
1-дәріс: Тақырыбы: Психология пәні туралы эволюциялық түсініктер Дәріс тезистері: Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? Жан дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі. Оның пайда болуы адамға және оның іс-әрекетіне деген қызығушылықпен шартталған. Алғашқыда психология діни наным-сенімдермен, мифтер, аңыздармен байланысты болған. Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдармен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісіде. Жан туралы осындай жалған түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауына байланысты болды.
«Психология» термині 1500 жылы Марбург қаласының профессоры Гокленнус есімімен байланысты. Келесі бір дерек бойынша «психология» терминін неміс философы Ломоносовтың ұстазы Христиан Вольф 1732 жылы енгізген. Ол Афродитаның баласы Эросқа ғашық болған гректің Психея атты мифологиялық әңгімесін пайдаланады.
Психологияның даму жолы ұзақ болды.
Ғылымға дейінгі психология. Бұл кезеңде адам өзін және басқа адамдарды әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде тікелей танып білдіреді. П. Жаненің айтуынша, «Бұл халықтың психологтарға дейін өздері жасайтын психологиясы»,- дейді.
Ғылыми психология 1860 жылы неміс ғалымы Г.Т. Фехнер өзінің «Психофизика элементтері» деген еңбегін жариялайды. Х. Вольф пен Гальтон идеяларын Фехнер бірінші болып эксперименталды әдіс реттеуде қолданып, психикалық құбылыстардың зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізеді.
1879 жылы Лейпцигте В. Вундт алғашқы психологиялық лаборотория құрады. Фехнерге қарағанда Вундттың ғылымға тигізген әсері ол жүйелі лаборотория құрып, ғылыми мектептердің пайда болуына әсерін тигізді. Сондықтан, В. Вундт ғылыми психологияның атасы болып есептеледі.
2) А.В. Лазурский психологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс психологы.
Эксперименталды психология – психологиялық пәндер құррылатын басқа эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген саласын түсінуге қажет. В.В. Никандровтың айтуынша «эксперимент» категориясын әртүрлі авторлар, әр түрлі түсіндіреді. Дәстүрлі түрде экспериментті тар мағынада емес кең мағынада түсінуу керек, себебі жаңа ғылыми білімді анықтауға құрылған экспериментті эксперименталды психология қарастырады.
Ғылыми психология бос жерден пайда болған жоқ. «Ғылымға дейінгі кезеңін» алып қарастырсақ та, онда зерттеулер жүргізілгенін көруімізге болар, мысалы: ІІІ ғасырда б.э. Немеций көз 3-4 элементті бір мезгілде бірден қабылдай алатынын анықтаған. К.А. Рамуль алғашқы эксперименттер ХVІ ғасырда жасалған деген деректер бар дейді. Ал ХVІІІ ғасырда бұндай деректер көптеген кездеседі. Оның айтуынша:
Алғашқы психологиялық тәжірибелер ғылыми мақсатқа сәйкес емес кездейсоқтық мінездемеге ие болған.
ХVІІІ ғасыр зерттеушілері ғана психологиялық эксперименттерді ғылыми мақсатқа байланысты жүйелі пайдалана бастады.
Бұл зерттеулер көбінесе қарапайым көру түйсіктеріне байланысты.
Алғашқы психологтар физиолог (Вундт, Бине, Павлов) болуы, кейде дәрігерлер (Бехтерев) немесе физиктер (Бугер, Вебер, Фехнер, Гельмгольд) облды. Олар психологиялық проблемаларды жаратылыстанушы ретінде қарастырды. Алғашқы 1860 жылы «Психофизика элементтері» атты Г.Т. Фехнердің туындысы эксперименталды психология алғашқы еңбегі болып табылады. Осылайша, психофизиканы жан мен тән қарым-қатынасының нақты теориясы яғни дене әлемі мен психика әлемі қарым-қатынасы деп қарастырды.
Алғашқы ірі психологиялық трактат Вундт (1873-1874) трактаты «физиологиялық психология» деп аталды, алғашқы француз лабораториясы (1889) Бонк, кейін Биненің физиологиялық психология лабороториясы деп аталды.
Осылайша, алғашқы қадамын жеке дара ғылым ретінде жасауды психология әлі де болса өзінің қайнар көзі – физиология мен физикадан бөліне алмады. В. Вундт (1832-1920) «эмпирикалық» экспериментке дейінгі психологияны эксперименталды психологияға айналдырды. 1879 жылы пайда болған психологиялық лабороторияда дүйние жүзінің көптеген психологтары білім алды. Фехнер Вундтан бұрын зерттеу жұмысын жүргізгенімен Вундт лабораториясында ғана алғашқы психологиялық мектеп пайда болды. Вундт объективті бақылауды интроспекция әдісімен үйлестіруді белсенді пайдаланды. Объективті бақылау ғана интроспективті әдісті психологиялық эксперимент деп атайды. Өзінің психофизикалық эксперименттерінде Фехнер мына талаптарды орындады:
а) арнайы әзірлеген психофизикалық әдістерді пайдалану; б) қайта-қайта қайталау негізінде эксперименттің дәлдігіне, беріктігіне жету оның нәтижесін математикалық әдіспен өңдеу.
Өзінің «Ес» туралы (1885) еңбегінде Эббингауз эксперименталды психологиялық мақсатын белгілі бір құбылыстар мен факторлардың функционалды байланысын өзін-өзі бақылау арқылы емес, белгілі бір мақсаттарды шешу жетістігіне байланысты түсіндіру деп қарастырады.
Ресейде психологиялық дамуы физиология саласынан басталады. И.М. Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады. «Кім?» деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа – релекстерді зерттеу арқылы деп жауап береді. И.П. Павлов Сеченевтің шәкірті болмаса да оның еңбектерінің әсері терең болды. И.П. Павлов (1903) шартты рефлекстерді ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М. Бехтерев 1907 жылы Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт құрады. 1910 жылы Бехтеров «Объективті психология», ал 1917 жылы «Адам рефлексологиясының жалпы негіздері» атты еңбектері жарық көрді. Бехтеров рефлексология терминін еңгізді. Рефлексология – ішкі және сыртқы тітіркенгіштерге жауап қайтару реакциясын зерттейтін ғылыми пән.
Осылайша, Павлов пен Бехтерев Уотсыннан бұрын объективті психология негізін қалаған. Оны психология деп атамаса да тәртіп туралы ғылым деп атаған