6-дәріс: Тақырыбы: Психологтың жұмысының жалпы ережелері және принциптері.
Дәріс тезистері: Клиенттер, зерттеушілер, текесерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.Клиенттермен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы.
Практик психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған.
Психолог өз жұмысын тұлғаның құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай отырып істейді.Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты болуы тиіс.
Психолог адамның дамында және бостандығына физикалық және психологиялық құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек.Психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті, сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда өзінің профессионалды бірлестігімен мәлімдеуі керек.
Психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша ғана өкмек көрсетуі тиіс.Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс.Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет. Психолог, клиенттің қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек( сотық психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған экспертизалардан басқалары).
Психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
Психолог мұғалімдерге, ата- аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға, оқу тәрбиелеу мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер, тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге болады.
Психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің болуы жайында ескертіп, профессионалды психологиялық көмектін кімнен алуы керектігін нұсқауы керек.
Психолог адамдарға қасырет тигізетін жұмыстары мен іс- әрекеттердегі рольдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.
Психологклиентке өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер бермеуі тиіс.
Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайында баланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға мәлімдеуі тиіс.
Психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс.
Психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін ұстануы керек.
Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері. Психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл –күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана алады.
Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер ережелері.Психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда қоданбауды қамтамасыз етеді. Психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылалы.
Психологтың профессионалды компетенттілік ережесі, психологтан профессионалды игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәкестелінген практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.
Психолог пен тапсырыс берушінің бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері, тапсырыс беруші тұлғаның мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін ақпараттандыруын талап етеді. Психолог тапсырыс беруші тұлғаға психологиялық іс - әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге тапсырыс берушінің келісімін алуы қажет.
Психолог пен зерттелінушінің проссионалды қарым-қатынас ержелері психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған міндеттерді шешуде максималды эффективті деңгейде әсер етуді және де, психологпен қарым – қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.
Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық – статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.
Психолог тапсырыс берушінің зерттелінушіге деген қандай да субъективті жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық кері әсер етушілігін болдырмауы қажет.Психолог іс - әрекетінің конфедециалдық принципі сенімді қарым – қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс процесінде алынған материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі тиіс.
Психологиялық сипаттағы мәліметтерді кодтау ережесі. Психологты барлық психологиялық сипаттағы мәліметтерде зерттелінушілердің аты – жөнін емес код арқылы белгілеуге міндеттейді. Документ – дешифратор бір ғана жалғыз экземплярда толтырылады және осы мәліметтер психологтың жеке кабинетінде, басқалардың қолына түспеуін қадағалау керек.
Психологиялық сипаттағы мәліметтердің сақтауды бақылау ережелері.Тапсырыс беруші адаммен бірге, алынған мәліметтерге басқа да адамдардың қол жеткізу тізімін, мәліметтерді сақтау шарттары, орны, мерзімі және оларды жою жөнінде алғашқы келісім бойынша қарастырылады.
Психологиялық сипаттағы мәліметтерді корректілеуде қолдану ережелері, психологқа тапсырыс беруші мен зерттелінушіні жарақаттайтын кездейсоқ немесе алдын ала бағытталған мәліметтерді жоюға келісім алуына қол жеткізуіне көмек береді.
Келісім жайында хабардар болу принципі. Психологтың, тапсырыс берушінің және зерттелінушінің психологиялық іс - әрекеттің этикалық принциптері және ережелері, мақсаты, тәсілдері жөнінде хабардар болуын және өз еріктерімен қатысуын талап етеді.
Практикалық психология профессионалды іс - әрект ретінде тобырлық масштабта пайда бола бастайды, сол себепті бір адамның екінші адамға әсер ету негізінде мәселелер шегіне дейін өршиді.
Профессионалды және практикалық этика сұрақтарының түйісу шегі, профессионалды борышының жүзеге асырылуы болып табылады. Профессионалды борыш психологтан әрекет етуін талап етеді, практикалық этика басқа адамға әсер етудің тереңдігін анықтайды, ал мамандық өз әрекеттеріне шектеу қоюды қабылдауын мәлімдейді.
Өзінің профессионалды әрекеттері ушін жаупкершілікке және профессионалды міндеттері үшін уайым сезімінде негіздеуін, психологияның профессионалды әрекеттердегі басқа адамның құндылықтарында айқын ориентациясы, өзінің мүмкіндігін басқа адамға әсерінің өлшемі ретінде адекватты қабылдауы.
Ол психолог мамандығын аздаған әлеуметтік бейімділіктің бірі болуын жасайды. Әйгілі мағынада психолог өзінің профессионалды әрекеттерімен адамның басқа, өзгеше бейнесін жасайды.