Бастауыш мектеп оқу пәндерін дидактикалық материал дайындау әдістемесі


Мектеп психологының іс-қағаздарын жүргізу қажеттігі



бет20/32
Дата26.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#40338
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Бастаыш мектеп дидактикасы УМКД

Мектеп психологының іс-қағаздарын жүргізу қажеттігі.
Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді.Психологиялық қызмет арқылы мектепте қабылданған баланың оқытуға даярлығы анықталады.Барлық сынынп оқушыларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып, қысқа мінездемелер жасалады.Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шаралары ұйымдастырылады.
Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық мәселелерді өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады.
Асихолог өз жұмысын ұйымдастырғанда баланың жан-жақты дәне үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді.Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланыста ұйымдастырады.
Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификасы болуы керек.Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет.
Психологиялық қызметті жүргізу барсы, әр іс шараларды өткізу уақыты алдын-ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады.Сондықтан мектеп психологы көптеген іс-қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі тиіс.Олардың үлгілерін Н.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене отырып, әр мектеп және басқа мекемелер психологы өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алу керек.
Мектеп психологы іс-қағаздарының тізімі:

  • мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары;

  • психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;

  • мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;

  • психологиялық қызмет көрсету кабинет жоспары;

  • айлық немесе апталық жұмыс жоспары

  • диагносткалық материалдар картотекасы;

  • бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар;

  • психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;

  • психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстыр журналы;

  • кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы;

  • өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;

  • түзету жұмыста қолданылатын аудио материалдар;

  • кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі;

жылдық есеп.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет