Күнтізбелік жоспарларпрактик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). «Сенім телефоны», индивидуалды және отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу, психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар, педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:
Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша болады.
Практик психологтың жылдық жоспары келесі бағыттар бойынша болады:
Балалар және тәрбиеленушілер ұжымдарын диагностикалау.
Педагогикалық процестер гуманизациясы, болжамдау және диагностикалау.
Балалар, оқушылар, педагогтар, ата – аналар және жетекшілермен кеңес беру жұмысы.
Балалармен коррекциялық жұмыс.
Мұғалімдер ұжымында психопрофилактикалық жұмыс.
Ұжымдық жұмыс.
Психолог жұмыс орнының циклограммасы.
Психолог жұмысының апталық (айлық) жоспары.
Психодиагностикалық документациялар.
Жүргізілетін жұмыстардың қысқаша жоспары.
10-дәріс: Тақырыбы: Ұжымда қарым-қатынас орнатуға бағытталған психологтың атқаратын қызметі.
Дәріс тезистері: Әлеуметтік – психологиялық зерттеулер көрсеткендей бірлескен әрекетке қатысушылардың бір – біріне елеулісі олардың қажеттіліктері және құндылық бағыттапының ұқсастығымен негізделген. Осыдан психологқа құндылық бағыттарын және бағдарларын жақындастыруға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізуі керек.
Профессионалдық әрекеттің бірінші этапында психолог – педагогта өз қалаған психолог бейнесін қалыптастырады, эмоционалдық статус және профессионалдық авторитетін иемденеді. Кейініріек ол ртақ координаттар тауып, олрдың негізінде қарым – қатынастың профессионалдық программасын құрады. Бірлескен іс - әрекеттердің негізінде бірлескен іс - әрекет программасы іске асып білімдердің, дағдылардың ортақ фонды қалыптасады. Олардың алдында жетістікпен жұмыс істеген профессионалды болған тәрбие – білім беру мекемелеріне кейбір практик психологтар барады. Олардың функционалдылық төмендігі олар келмей тұрып құрылмаған. Психологияның функционалдық міндеті көбіне анықталмаған және әртүрлі мекемелерде, әртүрлі педагогикалық ұжымдармен және олардың мүшелерінен әртүрлі түсіндіріледі.
Практик психолог олардың іс - әрекетіне сұраныс болмайтын жағдайларға да ұшырайды. Педагогтар психологтың көмегі қажет емес деп санайды. Егер психолог өзінің психологиялық мекемесіне, мысалы психологиялық кеңес беруге келсе мұндай жағдайлар мүмкін емес.Психологиялық кеңес беруде психологтың жұмысы психологиялық қарым – қатынасқа және ұсынысын қабылдауға мотивтелінген клиент иновациясымен жүзеге асады.Сұранысты қажет етпеу жағдайына түскен кезден бастап келе жатқан мектеп психологы фрустрация күін кешеді.
Көп жағдайларда психологтың жұмысына сұраныс бар, бірақ ол адекватты емес болып табылады. Адеватты емес, психолог жұмысының мазмұнына, мақсатына байланысты көрінуі мүмкін. Адекватты емес сұраныстар мысалы: «Сіз біздің бала – бақшаның барлық 12 топпен математика пәні бойынша жұмыс істейсіз.Сіздің міндетіңіз оларды мектепте математика пәнін оқуға дайындау.», «Бақылауға қиын балаларды алыңыз және қоңырауда тәртіп орнатыңыз және т.б.».
Адекватты емес сонымен қатар психолог жұмысының спецификасы мен әдістемесіне қатысты көрінеді.
Әдістеменің жүйелі міндетіне кіретін әдістемелік аспектісін және психолог жұмыс мазмұнын құрайтын психологиялық аспектілерін бөліп көрсету керек.Осы сұрақтардың адекватты емес бөлігі мақсатқа жету әдістемесі болып табылады.
Сондықтан, психологтың педұжымымен өзара қатынасының бірінші этапында өзінің әрекетінде адекватты сұраныстарын құрастырумен айналысуы керек, ол қандай жағдайда, қалай, қандай шарттарда қажет екенін түсіндіруі қажет.
Мұғалім және психологтың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкін тапсырыс; Г.С.Абрамованың ойы бойынша, психологиялық ақпараттармен өзара әрекеттесу, психикалық және тұлғалық даму нормасының құрылымдылық түсінігі ретінде құрылуы мүмкін және қажет. Егер оқушы және оқытылушының өзара қатынасының пәні сабақ болса, онда психолог бұл жағдайда өзінің қатысуымен келесі міндеттерді шешуі керек:
Оқушының оқу процесін адекватты бейнелеу проблемеларын;
Мұғалімнің оқу пәнінің өзара қатынас пәні ретінде адекватты бейнелеу проблемасы;
Оқытушының оқушы өмірінде алатын орны мен ролін адекватты бейнелеу проблемасы;
Оқушының өміріріндегі ролі мен орнын адекватты бейнелеу проблемасы.
Ерекше назарды педагогикалық ұжымның әртүрлі мүшелерінің функционалды міндеттерін зерттеу қажет етеді. Ол өзінің функционалды міндеттерін және жұмысында басқа мамандармен қиылысу орнын саналауға көмектеседі